Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

• Leveling Calculation (теңестіру үшін есептеулер) • Leveling range for (жоба үшін теңестіру аралығы) • Resolving Overallocations (асыра қолжетімділікті жою) Әрбір бөлімде ресурс жүктемелерін теңестіру режимі келесі тізімнен таңдалып орнатылады. • Automatic (Автоматты түрде орындау) - Level Now (Теңестіру) батырмасы басылғанда орындалады. • Manual (Қолмен орындау) -міндеттемелерді тікелей түзету арқылы орындалады. Look for overallocations (асыра қолжетімділікті іздеу) тізімінде «теңестіру сезімталдығы» критерийі немесе бағдарлама ресурстың асыра қолжетімділігін іздеу уақытының шеңбері анықталады. Мүмкін мәндер: • Hour by hour (Сағат бойынша) • Day by Day (Күнделікті) • Minute by Minute (Минут бойынша) Тізімде осы мәндердің қайсысы таңдалатындығы шамадан тыс жүктелген ресурстың сол жағындағы жолда орналасқан теңестіру индикаторына тышқан көрсеткішін қойған кезде шығатын ескертпе арқылы анықталады. Мысалы, егер ресурс күн бойынша теңестірілуі керек деген ескертпе берілсе, онда Look for overallocations (асыра қолжетімділікті іздеу) тізімінен Day by Day (Күндер бойынша) мәні таңдалады. Теңестіру үрдісінің келесі іске қосылуына дейін алдыңғы теңестірунәтижелерін болдырмауға болады.БұлClear leveling values before leveling (алдыңғы теңестіру мәліметтерін жаңасын бастамас бұрын тазалау)жалаушасын орнату арқылы жасалады. Бұл жағдайда, келесі теңестіру жүргізу алдында алдыңғысының өзгерісі жойылады.Жалаушақою ұсынылады. Leveling range for (жоба бойынша теңестіру аралығы) бөлімі. Leveling range for (Жоба бойынша теңестіру аралығы) бөлімінде теңестіру орындалатын уақыт аралығын анықтауға болады. • Level entire project(барлық жобадатеңестіру). Асыра қолжетімділікті іздеужобаныңбасынанбастапаяғынадейінгіаралықтаорындалады. Сонымен бірге, теңестіруді барлығынаемес, текерекшеленген ресурстарғағана көрсетугеболады. • Level from ... to ... (Күндераралығында теңестіру). Асыра қолжетімділіктііздеутекбелгіленгенкүндер аралығында орындалады. Көрсетілгендиапазоннантыс жерлерде ресурстардың асыра қолжетіміділігі жойылмайды. Resolving Overallocations (асыра қолжетімділікті жою) бөлімі. Resolving Overallocations (асыра қолжетімділікті жою) бөлімінде бағдарлама табылған ресурстардың артық жүктемелілігін қалай жоюға болатынын анықтайды. 92

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==