Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

2. Аналитиктердің жұмыс кестесін талдау. Объектіні тексеру және АЖ-ні жасау қажеттілігі туралы негіздеме жасау тапсырмасымен жұмыс барысында Аналитик еңбек шығындары графигін талдау. Соңғы жұмыс күні (2015 жылдың 16 наурызы) оған 2.67 сағатқа жоспарланған. Бұл еңбек шығындарын 1 -ші жұмыс күнінен 8 -ші жұмыс күніне дейін үлестіру (яғни, тиісінше 2, 3, 4, 5, 9, 10, 11, 12 наурыз күндеріне бөлінуі). 3. Еңбек шығындары ұяшығы бойынша 16 наурыз 2015 жылды тышқанмен шерту, ұяшыққа 0-ді енгізу, Enter пернесін басу. 4. 1-ден 8 -ге дейінгі еңбек шығындары ұяшықтарына (яғни, тиісінше 2, 3, 4, 5, 9, 10, 11, 12 наурыз) 1.17; 1.77; 3.3; 4.3; 5.97; 6.63; 8.3; 8.57 сандарын енгізу. Нәтиже - тапсырманың ұзақтығы 8 күнге дейін қысқартылады. 5. Орындалған түзетудің жалпы нәтижесі Постановка задачи тапсырмасының ұзақтығын бір күнге қысқарту болып табылады, мұнда жүктеме профилінің құрылымы сақталады. Сурет 40. Жүктеме графигін түзету Міндеттемелердегі шығындардың мөлшерін өзгерту 1. Тапсырмаларды пайдалану көрсетілімінде автоматтандырылған жүйе құру бойынша техникалық тапсырманы жасау және бекіту тапсырмасын жобалаушысы міндетін тышқанмен екі рет басу. Міндеттеме қасиеттері терезесі ашылады. 2. Жалпы қосымшасынан шығындар мөлшері кестесін таңдау. Ok батырмасын басу. 3. Ұқсас түрде осы тапсырманың Жоба менеджері міндеттемесі үшін шығындар мөлшері кестесін орнату. 4. Нәтиже -берілген тапсырманы орындау үшін осы ресурстардың шығындарын есептеу В мөлшерінің кестесі бойынша жүзеге асырылады. 71

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==