Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
Жобаның кураторы -жобаға қажетті ресурстарды бөлу және оған қатысты өзгерістер жөнінде шешім қабылдауға уәкілетті орындаушы жақтың өкілі. Жоба жетекшісі - жобаныбюджет жағынан да, сапа жағынан да бақылап, оны іске асыруға жауапты орындаушы жақтың өкілі болып табылады. 5.3 Кестелер мен көрсетілімдерді пайдалану Кестені таңдау: 1. Гант диаграммасына Вид-Диаграмма Ганта менюі арқылы ауысу. 2. Көрсетілімнің сол және оң жақ бөліктері арасындағы шекараны оң жаққа сүйреп, кестенің көрсету аумағын үлкейту. 3. Үнсіздік келісімі бойынша, Input кестесі экранда орналасқан. Шығындар кестесін Вид-Таблица-Затраты арқылы көрсету. Бұл кесте жоба жұмыстарының құны туралы мәліметті қамтиды. 4. Бастапқы кестені Вид-Таблица-Ввод арқылы қайтару. Кесте бағанын жою: 1. Белгішені көрсететін тапсырма идентификаторы бағандарының тақырып жолағын тышқанның оң жақ батырмасымен шерту. 2. Пайда болатын контекстік менюде Бағанды жасыру тармағын таңдау. 3. Жасырылған бағанды қайтару, яғни соңғы әрекетті Правка- Отменить скрыть столбец арқылы болдырмау. Кестеге бағанды қосу: 1. Ұзақтық бағанын тақырыбы бойынша тышқанның оң жақ батырмасымен шерту. 2. Контекстік менюден Баған енгізу опциясын таңдау. 3. Ашылған терезеде Аты өрісінде Затраты таңдау. Мәтіндік стильді тағайындау: 1. Формат-Мәтіндік стильдер менюін таңдау. 2. Өзгермелі элемент өрісінде форматталуға қажетті кесте немесе көрсетілім элементін орнату - Жолдар мен бағандардың тақырыптары. 3. Сурет салу тәсілін орнату - Қалыңдатылған. 4. Ok түймешігін басыңыз. Нәтиже - жолдар мен бағандардың тақырыптары қалың жазылады. 5. Формат-мәтін стильдері. 6. Өзгермелі элемент - Жалпы тапсырмалар. 7. Түсі - қызыл. 8. Өзгермелі элемент - уақыт шкаласының төменгі деңгейі. 9. Түсі - қара көк. 57
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==