Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

5 ЖОБАЛАРДЫҢ ПАЙДАЛЫЛЫҒЫН НЕГІЗДЕУ 5.1 Жоба пайдалылығы Жобаның бұл бөлімі оның қысқаша техникалық-экономикалық негіздемесін қамтуы тиіс: Жобаның нәтижесі кімге арналған? Ағымдағы «As Ь»жағдайын сипаттау. Тапсырыс берушілердің қандай проблемалары бар? Жобаның нәтижесі осы мәселелерді қалай шешеді («To Be»)? Клиент үшін осы мәселелерді шешу қаншалықты маңызды (экономикалық тиімділікті бағалау)? Жобаны орындаушы мекеме жобаның нәтижесі алынған соң қандай артықшылықтарға ие болады? Бағдарламалық қамтамасыз етуді бастаудың тиімді процесстері оның болашақтағы табысын айтарлықтай анықтайды. Жобаның осы кезеңіне жеткілікті түрде көңіл аудармау оны жоспарлау, іске асыру және аяқтау барысында айтарлықтай қиындықтарға алып келеді. Жобаның концепциясы жобаны орындау барысында шешімдер қабылдау үшін пайдаланылатын негізгі құжат болып табылады, сондай-ақ ол қабылдау кезеңінде нәтижені растау үшін де маңызды болып саналады. Жобаның басымдылығы үш көрсеткішті бағалау негізінде анықталады:Қаржылық құндылық, стратегиялық құндылық және тәуекелдер деңгейі. 5.2 Жобаның негізгі қатысушылары Жобаны инициациялау фазасындағы тапсырманың бірі оның барлық қатысушыларын анықтау және сипаттау болып табылады. Жоба қатысушылары барлық мүдделі тұлғаларды, жеке тұлғаларды және мекемелерді, мысалы, тапсырыс берушілерді, демеушілерді, жобаға белсенді қатысатын немесе жобаның орындалуына немесе аяқталуына мүдделілік білдіретін ұйымдарды қамтиды. Қатысушылар жобаға және оның жеткізілу нәтижесіне эсер ете алады. Бағдарламалық жобаның негізгі қатысушылары, әдетте: Жобаның демеушісі -кез келген түрде жоба үшін қаржылайресурстарды қамтамасыз ететін тұлға немесе адамдар тобы. Жобаға тапсырыс беруші - бұл өнімді, қызметті немесе жобаның нәтижесін пайдаланатын жеке тұлға немесе мекеме. Жобаның демеушісі және тапсырыс беруші әртүрлі болуы да мүмкін екендігін ескеру керек. Жобаның нәтижелерін пайдаланушылар. 56

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==