Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

берілсін, мұндағы А тапсырмасы алдыңғы, Б тапсырмасы кейінгі. А тапсырмасы басталмайынша Б тапсырмасы аяқталмайтынын білдіреді. Сурет 31. Start-to-Finish байланыс терезесі Алдыңғы тапсырманың ұзақтығы ұлғайған кезде, оның аяқталу уақыты қайта есептеледі және басталу уақыты өзгермейді, сондықтан кейінгі тапсырмаға эсер етпейді. Кейінгі тапсырманың ұзақтығы өзгерген жағдайда оның басталуы бұрынғы уақытқа ауысады Кейінгі тапсырманың соңы кейінгі уақытқа ауыстырылмайды - ол алдыңғы тапсырманың басталуымен бақыланады. Сурет 32. Start-to-Finish байланыс терезесіндегі тәуелділік MS Project бағдарламасы тапсырмалар арасындағы байланыс түрлерін көрсету кезінде Lag (Кешігу) немесе Lead (Озық жүру)параметрлерін енгізуге мүмкіндік береді. Озық жүру кейінгі операцияны жылдамдатуға мүмкіндік береді. Мысалы, техникалық мамандар тобы өздерінің бірінші жобаларын толығымен аяқтауға 15 күн қалған кезден бастап келесі құжаттың екінші жобасын жазуға кірісулеріне болады. Бұл жағдай «мәре-старт» байланысының көмегімен 15 күндік озық жүру арқылы қол жеткізуге болады. Кешігу келесі операцияның тоқтауын басқарады. Мысалы, бетонның қатаюының 10-күндік мерзімін қамтамасыз ету үшін «мәре-старт» байланысымен берілген онкүндік кідірісті пайдалануға болады. Бұл алдыңғы жұмыс аяқталмай келесі жұмыстың бастала алмайтынын білдіреді. Берілген параметрлер мәндері Lag (Кешігу) өрісіне енгзіледі, бірақ Lead (Озық жүру) параметр мәндерін теріс шама ретінде енгізу қажет. Бұл параметрлердің кез келгенінің мәндері алдыңғы тапсырманың бірлік уақытымен немесе ұзақтық пайызымен көрсетілуі мүмкін. Мысал ретінде келесі суретті айтуға болады. Келтірілген мысалда Гант диаграммасы 50

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==