Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

Алдыңғы тапсырманың ұзақтығы ұлғайған кезде, оның аяқталу уақыты қайта есептеледі, бірақ кейінгі тапсырманың басталуы тек алдыңғы тапсырманың басталуына тәуелді болғандықтан алдыңғы тапсырманың ұзақтығының өзгеруі келесі тапсырманың басталу және аяқталу уақытына эсер етпейді. Сурет 28. Start-to-Start байланыс терезесіндегі тәуелділік Finish-to-Finish (FF) (аяқталуы-аяқталуы) байланысы. Кейінгі тапсырманың аяқталуы алдыңғы тапсырманың аяқталуымен бақыланады. Келесі тапсырма алдындағы тапсырма аяқталмай тұрып аяқталмайды. А және Б тапсырмалары бар болсын, онда «аяқталуы-аяқталуы» байланысы берілсін. Мұнда А тапсырмасы алдыңғы тапсырма, Б келесі тапсырма болсын. А тапсырмасы аяқталмайынша Б тапсырмасы аяқталмайтынын білдіреді, яғни алдыңғы тапсырманың аяқталу күні кейінгі тапсырманың аяқталу күнін анықтайды. Сурет 29. Finish-to-Finishбайланыс терезесі Алдыңғы тапсырманың ұзақтығы ұлғайған кезде, оның аяқталу уақыты қайта есептеледі және кейінгі тапсырманың аяқталу уақыты алдындағы тапсырманың аяқталу уақытына байланысты болады (тапсырма A тапсырмасы аяқталғанға дейін аяқталмайды), алдыңғы тапсырманың ұзақтығы келесі тапсырманың басталу уақытынкешірек мерзімге ауыстыруға мәжбүрлейді. Сурет 30. Finish-to-Finish байланыс терезесіндегі тәуелділік Start-to-Finish (SF)(басталуы-аяқталуы) байланысы. Кейінгі тапсырманың аяқталуы бұрынғы тапсырма басталғаннан кейін ғана мүмкін болады. A және Бтапсырмалары үшін «басталуы-аяқталуы» байланысы 49

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==