Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

Finish-to-Start (FS) (Аяқталуы-басталуы) ең көп таралған байланыс түрі болып табылады. А және Б тапсырмалары болсын және «аяқталуы- басталуы» байланысы берілсін, мұндағы А алдыңғы орындалатын тапсырма, ал Б келесі орындалатын тапсырма болып саналады. Аталған мұндай байланыс А тапсырмасы аяқталмай Б тапсырмасының бастала алмайтындығын білдіреді. Мұндай байланысқа мысал ретінде «Хабарландыру жазу» (алдыңғы орындалатын тапсырма) және «Жарнама тақтасына аталған хабарландыруды ілу» (келесі тапсырма) тапсырмаларын алуға болады. Сурет 26. Finish-to-Start байланыс түрі Алдыңғы тапсырманың ұзақтығы ұлғайған кезде, оның аяқталу уақыты қайта есептеледі және кейінгі күндергежылжиды, кейінгі тапсырманың басталуы алдындағы тапсырманың аяқталу уақытына тәуелді болады және уақыты да жылжуы мүмкін. Сурет 26. Finish-to-Start байланыс терезесіндегі тәуелділік Start-to-Start (SS)(басталуы-басталуы) байланысы. Байланыстың бұл түрі бір мезгілде орындалуы тиіс екі тапсырма үшін орнатылады. Бұл жағдайда, алдыңғы тапсырманы орындалуы немесе аяқталуы кейінгі тапсырманы бастау үшін қажет емес, бірақ кейінгі тапсырма алдыңғы тапсырма басталғаннан кейін басталуы керек. Егер A және Бтапсырмалары үшін «басталуы-басталуы» байланысы берілсе, және де A тапсырмасы алдыңғы, Б тапсырмасы келесі болса, онда Б тапсырмасы А тапсырмасы басталғанға дейін бастала алмайды, яғни алдыңғы тапсырманың басталу күні келесі тапсырманың басталуын анықтайды. Сурет 27. Start-to-Start байланыс түрі 48

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==