Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
операциялардың арасындағы логикалық байланыстарды және идентификацияны қамтиды. Өзара байланыстағы тапсырмалар тобында: • Басқа тапсырмаға эсер ететін тапсырма алдыңғы болған эсер етуші тапсырма деп аталады. • Басқа тапсырмаға тәуелді болатын есеп келесі тапсырма деп аталады. Әртүрлі көрсетілімдерде қатынастар әр түрлі жолдармен не амалдармен көрсетіледі. Гант диаграммасында байланыс стрелка арқылы белгіленеді. Сонымен қатар, стрелка көрсетіп отырған тапсырма келесі болып табылады. Сурет 20. Гант диаграммасындағы тапсырмабайланысы 4.3 MS Project-тегі тапсырмалар арасындағы байланыс типтері MS Project бағдарламасында тәуелділікқатынастарының төрт түрі бар: • аяқталуы-басталуы (Finish-to-Start), • басталуы-Аяқталуы (Start -to-Finish), • басталуы-басталуы (Start -to-Start), • аяқталуы-аяқталуы(Finish-to- Finish). Қатынастардың түрлеріне байланысты, MS Project бағдарламасы келесі болып келетін тапсырманың басталу немесе аяқталу уақытын есептейді. Тапсырмалар арасындағы байланысты бірнеше жолдармен құруға болады. Мысалы, Гант диаграммасының көрсетілімінде тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, бір тапсырмаға сәйкес келетін кесіндіден келесі тапсырмаға сәйкес келетін кесіндіге тарту қажет. Нәтижесінде шұбалып көшіру басталған тапсырмаға алдыңғы тапсырма болатын «Аяқталуы-басталуы» байланысы қалыптасады. 45
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==