Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
4.2 Тапсырма, фаза, кезең (веха) Келесі қадам жобаның міндеттер тізімін анықтау болып табылады. Ол үшін алдымен тапсырма, фаза, кезеңдер сияқты түсініктермен танысу қажеттілігі туындайды. Жобаның міндеті жоба бойынша нақты жұмыс жасау болып саналады. Неғұрлым күрделі тапсырмалар бірнеше қарапайым тапсырмаларға бөлінеді, осылайша жоба тапсырмаларының иерархиясының тізімін алуға болады. «Тапсырмаларды бөлу» әдісі - жалпы тапсырмалар ішкі тапсырмаларға бөлінеді, олар өз кезегінде төменгі деңгейліішкі тапсырмаларға бөлінеді. Әрбір тапсырманың өз ұзақтығы болады, яғни тапсырманы орындауға қажетті уақыты болады. Жалпы жағдайда, тапсырма ұзақтығы жұмыс күндерімен өлшенеді. Жалпы тапсырмалардың ұзақтығы осы тапсырмадан тұратын қосалқы тапсырмалардың ұзақтығы мен ретінен құралады. Тапсырмалардың әдеттегі ұзақтығы 1 күннен 2 аптаға дейінгі аралықты құрайды, бірақ қажет болған жағдайда, тапсырмаларды минуттан басталатын ұзақтықпен де қарастыруға болады. Фаза өзара байланыстағы тапсырмалар мен кіші фазалардың топтары болып табылады. Фаза жобада жеке этап түрінде болады. Жобаның фазаларға бөлінуі жобаның әр түрлі аспектілеріне жеке бақылау жүргізу мүмкіндігін береді. Фазаны пайдаланып, жобадағы тапсырмалар ағынын бақылауға болады. Кезең (Веха) жобадағыбелгілі бір маңызды оқиғаны белгілеп көрсететін тірек нүктесі болып табылады. Ол жоба тапсырмаларының орындалуы барысында бақылау үшін қолданылады. Нөлдік ұзақтықпен берілген кез келген тапсырма автоматты түрде кезең ретінде бейнеленеді.Кезеңдер фазалардың басталуын белгілейді және олардың соңы жобаның аралық мақсаттарына қол жеткізуді бақылау үшін қолданылады. Басқаша айтқанда кезеңдержұмыстарды талап етпейтін тапсырмалар болып табылады. Кезеңдер енгізу Кезеңдеп нәтижесіайтарлықтай маңызды болып келетін тапсырманы айтады. Этаптың аяқталуын кезеңмен белгілеуге болады. MS Project бағдарламасында тапсырмағаұзақтығын 0-ге тең деп беретін болса, онда ол тапсырма кезеңге айналады. Нөлдік емес ұзақтығы бар тапсырманы кезеңге келесі түрде айналдыруғаболады: тапсырма атауын екі рет басу арқылы Task Information (Тапсырма жөнінде ақпарат)диалогтық терезесін ашу, Advanced (Қосымша)қосымшасында Mark task as a milestone (Тапсырманы кезең ретінде белгілеу) жалаушасын шерту керек. 43
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==