Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
4 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ 4.1 MS Project-те жобаны іске асыру графигі Жобаларды басқару жүйесі - жобаларды жоспарлау және бақылау үшін қолданылатын процесстердің, құралдар мен әдістердің жиынтығы. Microsoft Project бағдарламасы жобаларды басқарудың жүйелеріне кіретін құралдардың бірі болып табылады. MS Project-те жобалар (жоспарлар) жекелеген файлдар ретінде ұсынылуы мүмкін, сондай-ақ ірі жобаларға (жобалар портфелі) топтастырылуы мүмкін. MS Project - жоспарларды әзірлейтін, тапсырмаларға ресурстарды тағайындайтын, процессті бақылайтын және жұмыс көлемін талдайтын жоба менеджеріне көмектесуге арналып құрылған жобаларды басқару бағдарламасы. MS Project 2013 бағдарламасында жобаны басқару: 1. Жұмыстарды өндіру жоспарын құру; 2. Уақыт бойынша шығындарды бөлу және жобаның бюджетін анықтау, 3. Жобаның жабдықтарға және негізгі материалдарға қажеттілігін есептеу; 4. Жобаның ресурстарға (адамдардың және механизмдерінің) қажеттілігін есептеп, олардың жоспарлы жүктемесі мен сандық құрамын анықтау; 5. Жоспардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; 6. Жоба бойынша есептерді қалыптастыру; Жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуларды талдап, оларды түзетуді жүзеге асыру; 7. Басқару шешімдерінің кез келген шешімдерін модельдеу (ресурстарды ауыстыру, бюджеттеу және т.б.) және тағы басқалар. Жобаны жүзеге асыру графигін жасау үшін Microsoft Project бағдарламасын іске қосу керек (Start - Программы -Microsoft Project). Жобаны іске асыру кестесі келесі қадамдарды қамтиды: 1- қадам. Жобаның басталу күнін белгілеу. 2- қадам. Жобаның тапсырмалар тізімін анықтау. 3- қадам. Жобаның тапсырмасын бір-бірімен байланыстыру. 4- қадам. Жобаны іске асыру үшін қажетті ресурстар тізімін жасау. 5- қадам. Тапсырмаларға ресурстар бөлу. Бастамас бұрын, жобаны файлға сақтап, Файл^ Сохранить^-Закрытьменю командалары арқылы жабу керек Жасалған жоба файлын ашу келесі түрде орындалады: File ^ Open ^ Қажетті файлды таңдау^-Тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басу арқылы ашу. 41
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==