Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

әрбір нақты тапсырма үшін пайдаланылатын еңбек ресурсының уақыттық пайызын анықтау керек. Мысалы, Бағдарламашыныңеңбек ресурсы 19.10.17 жылғадейін әрбір нақты тапсырма үшін уақыттың 50%-ын пайдаланады және сол күннен кейін оның жүктемесі 100% құрайды. Бағдарламашыныңеңбек ресурсының жүктемелік пайыздық мөлшерін және оның қатысу кезеңдерін анықтайтынкесте құрастырылады (Кесте 8). Багдарламашы еңбек ресурстарын жүктеу графигін жасаймыз. Ордината осінде жүктеменің жалпы пайызы, ал абсциссада 8-кестеде көрсетілген жұмыс уақытының кезеңдері көрсетіледі. Бір жұмыс күнінде100% -дан аз жүктеме кезінде ресурстың бос уақыты болады, ал егер 100% -дан артық болса, ресурс шамадан тыс жүктелген деп саналады. Сурет 15. Бағдарламашыресурсының жүктеу графигі Тапсырмалар және өзін-өзі бақылау сұрақтары Тапсырма 1: Change Working Time (жұмыс уақытының өзгеруі)диалог терезесін ашу керек. Standard (Стандартты)күнтізбесінтаңдап, параметрлерді қажетіне қарайауыстыру керек (24 Hours (24 сағ), Night Shift (Түнгі смена)).Берілген күнтізбеқандай жобаларда қолданылуы мүмкін? Тапсырма 2: Change Working Time (жұмыс уақытының өзгеруі) сұхбат терезесін ашып, Standard (Стандартты ) күнтізбесін тандау. Жұмыс жасалмайтын 3 кезеңді таңдап, оларға атауын беріп, қажетті күндерді көрсету керек. Тапсырма 3: MS Project бағдарламасын ашып, жаңа файл құру керек. «Конференцияны өткізу» оқу жобасы үшін жоспарлау тәсілін (басталу күнінен немесе аяқталу күнінен бастап) орнату, негізгі күнді көрсету, 36

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==