Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
3 ЖОБАНЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОСПАРЛАУ ТЕХНИКАСЫ 3.1 Жоспарлау процессі Жоспарлау жобаны басқарудағы ең маңызды этаптардың бірі болып табылады. Осы этапта міндеттер айқындалады, жобаның бюджеті мен оны жүзеге асыру мерзімі құрылады. Жоспарлау бұл сандық және сапалық сипаттамадағы мақсаттарды әзірлеу және қабылдау, сондай-ақ оларға жетудегі тиімді жолдарды анықтау деп саналады. Көп жағдайларда иерархиялық түрде дайындалатын бұл қойылған мақсаттар болашақты сипаттайды және мүмкіндігінше басқарудың берілген деңгейі үшін негізгі көрсеткіштер жинағы арқылы сандық түрде өрнектеледі. Жоспар құру қажеттілігі көптеген факторлармен анықталады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары, болашақтың белгісіздігі, жоспардың үйлестіруші рөлі, экономикалық салдарларды оңтайландыру болып табылады. Шындығында, егер жобаның болашағы алдын-ала анықталған болса, жоспарларды құрастыру қажеттілігі, оларды үнемі жетілдіру және құрылымдау әдістерінің қажеттілігі болмайтын еді. Осыдан кейін кез келген жоспарды құрудың басты мақсаты нақты сандар мен бағытты анықтау емес екендігіне көз жеткізуге болады. 3.2 Жобаны жоспарлау этаптары Көп жағдайларда ресурстарды басқару, материал қажеттілігіне және бюджетке кесте құру ескерілмей, жоспарлау жұмыс кестесін құру ретінде ғана қабылданады. 8-суретте жобаны жоспарлау этаптары мен реті көрсетілген. 1) Жобаның мақсатын анықтау және сипаттау. 2) Жобаның негізгі кезеңдерін (жұмыс этаптары) анықтау. Мұнда жобаны іске асырудаоны әрі қарай дамытудың барлық кезеңдерін анықтайтынтехнологиясын таңдау керек. 3) Рет-ретімен көрсетілген тапсырмалар тізімін анықтау. 4) Жоба үшін ресурстық қажеттілікті анықтау. Сонымен бірге, жобаның барлық ресурстары орталықтандырылып бөлінуі тиіс. 5) Жұмыс кестесін құрастыру. Microsoft Project бағдарламасында жобаның міндеттері жасалып, ресурстар тағайындалса, график автоматты түрде алынады. 6) Жобаның бюджетін қалыптастыру. 7) Жобаны іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік беретін жоспарды бекіту. 26
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==