Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

Әлсіз матрицада жобаны үйлестіретін қызметкердің рөлі мен өкілеттіктері айтарлықтай шектелген. Жобаны нақты басқаруды функционалдық жетекшілердің бірі жүзеге асырады. Жобаның үйлестірушісінкөбіне «трекер» деп атайды, олаталған жетекшіге жоба жұмыстарының орындалу барысы туралы ақпарат жинауға көмектеседі, шығынтарды есепке алады, есептер дайындайды. Жобаға қатысушы Жобаны үйлестіру Сурет 6. Теңдестірілген матрица Теңдестірілген матрица жобаға бөлінген ресурстарды іс жүзінде басқаратын жоба менеджерінің пайда болуымен ерекшеленеді. Ол жұмыстарды жоспарлап, орындаушыларға тапсырмаларды бөліп береді, орындалу мерзімдерін және нәтижелерді қадағалайды, шектеулерді сақтай отырып жобаның мақсаттарына қол жеткізуіне толықтай жауапты болады. Теңдестірілген матрицада қос бағыныштылық мәселесіайқын көрінеді. Функционалдық ішкі бөлімнің басшысы және жоба менеджері жобаға қатысушылардың материалдық және кәсібиөсуіне шамамен бірдей дегейде эсер етеді. Күшті матрицада жобалық басқару сараптама жинақтауға жәнежалпы ресурстарды пайдалануға қажет болатын құзыреттіліктің жеке аймағыболып танылады. Сондықтан күшті матрицада жоба менеджерлері жеке тәуелсіз функционалдық ішкі бөлімге, яғни жобаны басқару 11

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==