Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
Жобаның немесе тапсырмалардың орындалу барысын жаңарту үшін: ^ Жоспарланған басталудан өзгеше болса, нақты басталу күнін енгізу; ^ Пайыздық аяқталуы, егер тапсырма аяқталмаса және жоспарланған уақыттан артық көбірек уақыт қажет болса «Қалған ұзақтық» бөліміне керек мерзімді енгізу; ^ Жоспарланған аяқталудан өзгеше болса, нақты аяқталу күнін енгізу. Сурет 61. Тапсырманы жаңарту диалогтық терезесінде нақты деректерді енгізу Жоба жоспарын іске асырғаннан кейін, яғни. базалық жоспарды сақтап, нақты деректерді енгізген соң, жобаны талдау үшін пайдаланушыға келесі өрістер қолжетімді болады: • Ұзақтықтықтың ауытқуы (Ұзақтық - негізгі ұзақтық түрінде есептеледі); • Басталудың ауытқуы (Басталуы-негізгі басталуы түрінде есептеледі); • Аяқталудың ауытқуы (Аяқталуы - негзгі аяқталуы түрінде есептеледі); • Құны бойынша ауытқу (Шығындар - негізгі шығындар түрінде есептеледі); • Еңбек шығындары бойынша ауытқу (Еңбек шығындары - негізгі еңбек шығындары түрінде есептеледі). Басталуы мен аяқталуы бойынша ауытқуларды Гант диаграммасы көрсетілімінде Ауытқу (Түр-Кестелер-Ауытқу қосымшасы) кестесі арқылы көруге болады. 112
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==