Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
Microsoft Project 2013 бағдарламасы аралық жоспарларды сақтауға және олармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Аралық жоспарды негізгі жоспарға қосымша ретіндебақылау үшін пайдалануғаболады. Microsoft Project 2013 бағдарламасы негізгі етіп 11 жоспарға дейін сақтауға мүмкіндік береді. Әдетте, негізгі жоспар жоспардың бекітілген нұсқасы болып табылады және ағымдағы жоспар белгілі бір критерийлері бойынша бекітілген жоспармен сәйкес келуі керек. Орындалу кезінде негізгі жоспарға түзетулер енгізу қажет болса, Microsoft Project 2013 бастапқы жоспардың жаңа нұсқасын сақтауға және әрі қарай онымен жұмыс барысын салыстыруға мүмкіндік береді. 1. Гант диаграммасына ауысу. 2. Жоба-Негізгі жоспар беру бөлімін таңдау. 3. Барлық жоспар мен базалық жоспарды беру ауыстырғышын орнату. 4. Түр-Басқа көрсетілімдер-қадағалаумен берілген Гант диаграммасы бөлімін таңдау. Нәтиже - ағымдағы және базалық жоспарлар сәйкес келед. Ағымдағы жоспар түрлі-түсті кесінділермен ұсынылған, ал базалық сұр түсті кесінділермен көрсетілген. Сурет59. Негізгі жоспар параметрлерін орнату 110
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==