Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
жауап қатуды орындау операциялары мен осы операциялардың тиіміділігін бағалау процесі болып табылады. Мониторинг және тәуекелділікті басқару барысында әртүрлі әдістемелер қолданылады, мысалы, жобаны орындау барысында жинақталған,тапсырманың жүзеге асырылуы жөніндегі сандық мәліметтер қажетті трендтер мен ауытқуларды талдау. Мониторинг және тәуекелділіктерді басқару келесі тапсырмаларды қамтиды: Тәуекелділіктерді қайта қарау. Тәуекелділік аудиті. Ауытқулар мен трендтерді талдау. Тәуекелділіктер кестеге сәйкес үнемі қайта қаралып отыруы тиіс. Жобаның тәуекелділігін басқару жобалық топтың барлық кездесулерінің күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болуы тиіс. Әрбір кездесу статусы «Бізді қандай басқа қиындықтар күтеді?» деген сұрақтан басталатын болса жаман емес. Жаңа тәуекелділіктерді сәйкестендіру және белгілі тәуекелділіктерді қайта қарау бұрын сипатталған процестер арқылы жүзеге асырылады. Тәуекелділік аудиті сәйкестендірілген тәуекелділіктерге қатысты оларға жауап қату бойынша іс-шаралар тиімділігін бағалау нәтижесін құжаттық түрде көрсетуді және олардың пайда болуының негізгі себептерін оқып үйренуді, сонымен қатар, тәуекелділікті басқару процессінің тиімділігін бағалауды қамтиды. Жобаны іске асыру барысында трендтерорындалу жөніндегі мәліметтерді пайдаланумен бірге тексеруге жатады. Бүкіл жобаның іске асырылуын бақылау үшін игерілген көлемді талдауды және жоба ментрендтің ауытқуларын талдайтын басқа да әдістерді пайдалануға болады. Осы талдаулардың нәтижелеріне негіздей отырып, жобаның әлеуетті ауытқуларын оның аяқталу мерзіміне дейінқұндық көрсеткіштері мен кестесі бойынша болжауға болады. Базалық негізгі жоспардан ауытқулар қауіп-қатерлермен де, колайлы мүмкіндіктермен де пайда болған салдарларды көрсете алады. 9.3 Жобаны қадағалау Негізгі (базалық) жоспар тапсырмалар, міндеттемелер мен ресурстар туралы ақпаратты қамтитын жоба кестесінің жедел жасалған кескіні болып табылады және ол жоспарланған жұмыстан нақты жұмыстардың қаншалықты ауытқығандығын табу үшін жобаның орындалуын қадағалауда пайдаланылады. Негізгі жоспарды сақтаған кезде ағымдағы мәндер негізгі мәліметтерді сақтауға арналған бағандарға қайта жазылады. 109
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==