Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

• Жоба аяқтаған соң қызметкерлер жұмыстан шығарылады. • Баяу бастау. • Тәжірибе жинақталмайды. • Командалар сақталмайды. Жобалық ұйымдар тиімді болып саналмайды, бірақ көптеген жағдайда олар физикалық тұрғыда атқарушы ұйымнан қашықтықта болғанымен жобаны орындауға мүмкіндігі бар бірден бір топ болып келеді. Бағдарламалық жабдықтамаларды өңдеу кезінде матрицалық ұйымдастыру ең көп тарағаны болып саналады. Матрицалық ұйымдастыру құрылымының үш түрі бар: әлсіз, теңдестірілген және күшті (Сурет 5-7). Сонымен қатар, бағдарламалық жабдықтардың өнімдік дайындығымен айналысатын компанияларда ішкі бөлімдер өнімдердің желісіне сәйкес анықталады. Мысалы, CRM-жүйелерді өңдеу бөлімі, қаржы жүйелерін дамыту бөлімі, қосымша өнімдерді дамыту бөлімі. Бағдарламалық жабдықтарды тапсырыс арқылы дайындауға бағытталған компаниялардафункционалдық ішкі бөлімдер пайдаланылатын ақпараттық технологияларғасәйкес бірігеді. Мысалы, деректер базасын дайындау бөлімі, І2БЕ-қосымшаларын әзірлеу бөлімі, веб-әзірлеу бөлімі, тестілеу, құжаттама бөлімдері және т.б. \ Жобаға қатысушы Жобаны үйлестіру Сурет 5. Әлсіз матрица 10

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==