Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

төмендету болып саналады. Тәуекелділікжәне оның салдарының болуы ықтималдылығын төмендету бойынша ескерту шараларын қабылдау қауіп- қатер төну оқиғасы басталғаннан кейінгі теріс салдарларды жоюда қолданылған шараларға қарағанда айтарлықтай тиімді болып табылады. Мысалы, сәулет саласындағы тәуекелділіктерді алдын ала ертелеу уақытта шешу жобаның мерзімінен бұрын аяқталуы кезінде шығындарды азайтады. Немесе тапсырыс берушінің жеткізілген өнімдерді үнемі тексеріп алуы оның түпкі нәтижеге қанағаттанбауының қаупін азайта алады. Егер жобалық командада қызметкерлерді жұмыстан босату ықтималдығы жоғары болса, онда жобаның бастапқы сатысында жобаға қосымша (артық) адам ресурстарын алу көзделген жағдайда команда мүшелерін жұмыстан босатып кезінде де шығындар болу қатері азаяды. Өйткені жобаға жаңа қатысушылар алу кезінде ешқандай шығын болмайды. Тәуекелділікті қабылдаужобамен жұмыс жасайтын топ тәуекелдіктің салдарынан болған өзгерістерге қарай жобаны басқару жоспарын өзгертпеуге шешім қабылдады немесе тәуекелділікті елеудің сәйкес стратегиясын таппады дегенді білдіреді. Яғни, барлық «белгісіз тәуекелділіктерді» қабылдауға мәжбүр болады дегенді айтады. Қабылдау бұл тәуекелділікті мүлдем басқармаған жағдайда да болатын жағдай. Егер тәуекелділік басқарылатын болса, онда тәуекелділіктерді аяқталу мерзімін және /немесе еңбек шығындарын бағалау жұмысына резерв қосу арқылы сақтандыруға болады. Қабылданған тәуекелдерге белсенді көзқарас тәуекелділіктерге жауап берудің жоспарын жасаудан тұруы мүмкін. Егер берілген жоспар табысты іске асырылатынына сенімділік пен жеткілікті белгілер болса, онда бұл жоспаралдын-ала белгіленген шарттарда ғана іске асырылуы мүмкін. Қосымша қайталамалы тәуекелділіктер (Secondary Risks) болатынын естен шығармау маңызды болып табылады. Олар анықталған, талданатын және қажет болған жағдайда басқарылатын қауіп-қатерлер тізіміне енгізілетін тәуекелділіктерге жауап қатуды қолдану нәтижесінде туындайды. 9.2 Тәуекелділік мониторингі және бақылау Тәуекелділіктерді басқару жобаны орындау барысында жүзеге асырылуы тиіс. Жоба барысында тәуекелділікті, қауіп-қатерді бақылаудың қажеті болмайды. Өйткені ол көлікпен келе жатып оның отын деңгейін бақылаумен бірдей дегенді білдіреді. Мониторинг және тәуекелділікті басқару - бұл сәйкестендіру, ертелеу сәйкестендірілген тәуекелділіктерді қадағалау, жаңа тәуекелділіктерге жауап қатуды жоспарлау және талдау, сонымен қатар тәуекелділіктерге 108

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==