Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

9ЖОБА ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ 9.1 Тәуекелділікке жауап қатуды жоспарлау Тәуекелділікке жауап қатуды жоспарлау -жоба мақсаттары үшін мүмкіндіктерді арттыру және қауіп-қатерді азайту амалдарын және жолдарын әзірлеу және анықтау. Аталған процесстәуекелділікке сапалық және сандық талдаулар жүргізілгеннен кейін басталады. Тәуекелділікке жауап қату бойынша жоспарланған операциялар тәуекелділіктің байыптылығына сәйкес болуы, проблемаларды шешуде экономикалық жағынан тиімді болуы, жоба тұрғысынан уақтылы, шынайы болуы және барлық қатысушылармен келісілуі тиіс. [3] әдебиет деректеріне сәйкес, тәуекелділікті елеудің төрт әдістері мүмкін: Тәуекелділіктен жалтару (risk avoidance). Тәуекелділікті аудару (risk transference). Тәуекелділікті азайту (risk mitigation). Тәуекелділікті қабылдау (risk acceptance). Тәуекелділіктен жалтару жобаны басқару жоспарын өзгертуге алып келеді. Өзгерту жұмыстары келесі түрде болуы мүмкін: теріс тәуекелділік салдарынан пайда болған қауіпті жою, жоба мақсатын тәуекелділік салдарынан қорғау немесе қауіп төніп тұрған мақсаттарды әлсірету және т.б. Жобаның ертелеу стадияларында туындайтын кейбір тәуекелділіктерді талаптарды нақтылаудың көмегі, қосымша ақпарат алу немесе сараптама жүргізу арқылы болдырмауға болады. Мысалы, қауіп төндіретін функционалдық талаптарды жүзеге асырудан бас тарту арқылы тәуекелділіктен жалтаруға болады немесе қосымша мердігерлердің өнімді әкелуін күтпестен қажетті бағдарламалық компонентті өздігінен дайындау арқылы да жалтаруға болады. Тәуекелділікті аудару деген тәуекелділікке жауап қату жауапкершілігімен бірге қауіп-қатерлердің теріс салдарларын үшінші жаққа аудару болып табылады. Тәуекелділікті аудару оған жауаптыларды ғана алмастырумен шектеледі, бірақ қауіптілік ешқайда кетпей сақталады. Тәуекелділікті аудару іс жүзінде барлық уақытта өзіне осыған байланысты жауапкершілікті алған жаққа сый-ақы төлеумен сипатталады. Мысалы, бекітілген баға бойынша тәуекелділік компонентін өңдеуге тапсырыс. IT саласында көп жағдайларда тәуекелділікті жорамал ретінде сипаттауға тура келеді, осылайша ол тапсырыс берушіге жеткізіледі. Мысалы, енгізу жобасын бағалай отырып, базалық бағдарламалық өнімнің лицензиясының бағасын өндіруші жақ өзгерте алмайды деген жорамал жазуға болады. Тәуекелділікті азайту деген теріс тәуекелділік оқиғаларын мүмкін болатын шекараға дейін жеткізу салдарын және/немесе ықтималдығын 107

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==