Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

Тапсырманы тоқтату үшін Resource Allocation (Ресурстарды бөлу)көрсетілімінде Split Task (Тапсырманы тоқтату) құралын пайдалану керек. Leveling Gantt Chart (теңестірумен берілген Гант диаграммасы) көрсетілімінде тапсырманытоқтату үшінтоқтатудың нақты күнін және оның басталуы мен аяқталуының уақытын анықтау керек, осыдан соң Split Task (Тапсырманы тоқтату) батырмасын шерту жеткілікті. Тышқан арқылы кесіндінің қалған бөлігін тапсырманы қайта қалпына келтіру уақыты көрсетілген күнге ауыстыру қажет. Міндеттемені тоқтату үшін Resource Usage (Ресурстарды пайдалану) немесе Task Usage (Тапсырмаларды пайдалану) көрсетілімдерін қолдану керек және міндеттемелер туралы мәліметтерді қамтитын уақыт бойынша ұяшықтарды өңдеу қажет. Тапсырмалар және өзін-өзі бақылау сұрақтары Тапсырма 1: Жобадағы әрбір ресурс үшін оның қол жетімділігін тексеру керек. Ол үшін ресурсты таңдап, Resource Information (Ресурстар жөнінде мәліметтер) терезесін, сосын General қосымшасын ашу керек. Resource Availability кестесіндегі мәндерді тексеру керек. Тапсырма 2: Уақыт бойынша ресурстың жұмыс істеу қабілетін үлестіруді бағалау керек. Тапсырма 3: Ресурстар күнтізбесін өңдеу. Осы өзгерістер ресурстың қолжетімділігіне қалай эсер ететінін зерттеу қажет. Тапсырма 4: Әрбір шамадан тыс жүктелген ресурстарға артық қолжетімділіктің болуын жою жолдарын қарастыру. Тапсырма 5: Ресурстың қолжетімділігін автоматты режимде жоғарылатуға тырысу керек. Тапсырма 6: Егер ресурстың қолжетіміділігі автоматты түрде болмаса, ресурстардың қол жетімділігін қолмен жою жолдарын қарастыру керек. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Leveling Gant көрсетілімінің көмегімен автоматты теңестірудің қандай нәтижелерін көруге болады? a) Теңестіру периодтары b) Мәжбүрленген қайта жүктеменің шамасы 103

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==