Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
Сурет 56. Ресурстық мэліметтер терезесі Ресурс үшін үстеме жұмыс уақытын жоспарлау. Ресурстағы жүктемені оған белгілі бір мөлшердеүстеме жұмыс уақытын енгізу арқылы төмендетуге болады. Және де мұнда қалыпты жұмыс уақытында жоспарланған жұмыстың жалпы көлемін өзгертудің қажеті болмайды. MS Project бағдарламасында есептеу кезінде жұмыстың жалпы көлеміненүстеме жұмыс ретіндежоспарланған сағаттарды шығарып тастайды. Бұл әдіс шығыныүстеме жұмыс уақытына көбірек төленетінімен түсіндіріледі. Бірақ шығындар жаңа ресурсты тартқаннан әлдеқайда төмен болуы мүмкін. MS Project бағдарламасының жұмыс реті үстеме жұмыс уақытын пайдалану кезінде төмендегідей болады: • қалыпты жұмыс уақыты міндеттеменің жалпы уақытынан енгізілген үстеме уақытты алып тастау арқылы есептеледі; • алынған күнделікті жұмыс уақытының саны күнтізбедегі қолжетімді жұмыс уақытына жоспарланады, ал ол міндеттеменің ұзақтығын қысқартады; • үстеме жұмыс уақытыміндеттеменің жаңа ұзақтығы бойынша бірқалыпты үлестіріледі. Үстеме жұмыс уақытын Resource Usage (ресурстарды пайдалану) көрсетілімінде міндеттемелер жолына Overtime Work(үстеме жұмыстың еңбек шығындары) өрісін қосу арқылы енгізуге болады. Сонымен қатар, ресурс үшін үстеме жұмыс мөлшері анықталған, яғни нөлге тең емес екендігіне көз жеткізу керек. Ресурс үшін екі тапсырма бәсекелес болған жағдайда, екеуіне де үстеме жұмыс уақытын тағайындау керек. 100
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==