Аманова Г.Д. Басқару есебі

- сол бір базалық принциптер (материалдық, сңбек және үстеме шығыстарды өнімге жатқызу, өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеудін әртүрлі тәсілдерін қолдану және жоспарлауға, бақылауға және шешімдер қабылдауға қажетті ақпарат жинау); - сол бір негізгі өндірістік шоттарды пайдалану (жалпыөндірістік шығыстар, материалдар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім); - шоттар аркылы өтетін шығындар ағынының сәйкес болуы; Үдерістік әдіс пен тапсырыстық әдістің айырмашылығы мынада: Үдерістік калькуляциялау ұқсас өнімді үздіксіз шығаруды білдіреді, бұл материалдық, еңбек және үстеме шығыстарының сатып алушының нақты тапсырысымен үқсас болу қажеттілігін болдырмайды (тапсырыстық әдістегіде жасалғандай), өйткені әрбір тапсырыс өндірістен шығарылатын өнім бірлігінің үздіксіз ағынынан орындалатын көптеген тапсырыстардың бірі ғана. Сөйтіп, үдерістік калькуляциялау кезінде тапсырыстардың шығындары емес, белгілі бір уакыт кезеңінде цех арқылы өтетін барлық бірліктерге кіретін цех шығындары жиналады. Ал, тапсырыстық әдісте бір кезеңде көптеген тапсырыстар жасалады, оның әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. 5.2 Шыгындардың есебін жүргізу жэне өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың үдерістік әдісі кезіндегі есептік рәсімдердің ерекшеліктері Шығындардың есебін жүргізу және өнімнің өзіндік құньгн калькуляциялаудың негізгі әдістеріне тапсырыстық және үдерісті әдістер жатады. Ал калькуляциялаудың баска жүйелері, аталған әдістердің баска түрлсрі болып табылады. Басқарушылық есепте отандық карапайым (үдерістік) және қайта болістік әдістері біріктірілген, ол «үдерістік калькуляциялау» (process-costing) деп аталады. «Процесс» (үдеріс) пен «қайта бөлу» мағынасында айтарлықтай айырмашылық жок. Тапсырыстык әдіс пен үдерістік әдісті белу, оиім бірлігінің өзіндік күнын калькуляциялау әдістемесіне негізделген. Бүл көрсеткіш кәсіпорын қызметі үшін бірнеше себептерге байланысты өте пайдалы болып шығады. Өнім бірлігіне шығындарды есептеу, онімнің жаңа гүрлерін өндіруді, жеке өндірістік желілердің пайдалылығын анықтауға, т.б. негіздеу үшін қажсг. Өнім бірлігінің 89

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==