Аманова Г.Д. Басқару есебі

Калькуляциялау міндеттері - сатуға арналған бір өнімге және ішкі қолданудағы өнімнің бір бірлігіне шакқандағы шығындарды белгілеу. Шыгындарды калькуляциялау процессіндегі функциялар: 1) қорларды, дайын өнімді немесе жартылай фабрикаттарды бағалау үшін өндірістік және зауыттық өзіндік құнды белгілеу; 2) баға қою және оиы бакылау үшін озіндік кұн шамасын белгілеу; 3) кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау үшін өнімнің өзіндік құны туралы мәліметтер беру және басшылықтың шешім қабылдау процессін қамтамасыз ету. Калькуляциялаудың түпкі нәтижесі - калькуляция жасау. Калькуляцияпың барлық түрлері калькуляция баптары бойынша ондіріске жүмсалатын шығыстарды жәие өнімнің нақты түріпің бір бірлігін сату шығыстарын көрсетеді. 4.2. Шыгындар есебінің, калькуляциялау жэне калькуляциялық бірліктері объектілерін белгілеу Көп жағдайларда шығын есебінің объектілері мен калькуляциялау объектілері сәйкес келмейді. Шығыи есебінің объектілеріне олардың пайда болу жерлері, біртекті өні.мдердің түрлері немесе топтары жатады. Басқарушылык есепте шығыидардың пайда болу орны деп, өндірістік ресурстарды бастапқы пайдаланған кәсіпорынның құрылымдық бірліктері мен бөлімшелерін айтады (жүмысшы орындары, бригадалар, цехтар, т.б.). Калькуляциялау объектілсрі деп кәсіпорынның нарыкта сатуына арналған өнім (жұмыс, кызмет) түрлерін айтады. Калькуляциялау бірлігін таңдау өндірістің срскшеліктеріпе жәнс шығарылатын өнімге (көрсетілетін қызметке, орындалагын жұмысқа) байланысты. Бүл жерде натурал бірліктер (дана, тонна, метр, т.б.), шартты-натурал бірліктер (мысалы, белгілі бір түрдегі 100 жұп аяқ киімі, банка жабу цехында өнеркәсіптік-шартты банкалар), уақыт бірлігі (сағат, машина-сағат, адам-күн), жүмыс бірлігі (алып өткен жүктің бір тоннасы) пайдаланылуы мүмкін. Бүл көптеген калькуляциялық бірліктен калькуляциялауға негізгі ретінде карастырылатын бір өлшеуіш пайдаланылады. Шартты-натуралды бірліктер аралық өнімдерді калькуляциялау кезінде колданылуы мүмкіп. 74

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==