Аманова Г.Д. Басқару есебі

Мысалы, өнімді шығаруға А бөлімшесінде 10 сағат, Б бөлімшесінде - 5 сағат, В бөлімшесінде - 3 сағат негізгі еңбек керек. Сол кезде өнімге 33 ш.б. сомасында үстеме шығындар жатқызылады (10 сағат х 0,4 ш.б.еңбек-сағ + 5 сағ х 4 ш.б./ еңбек-сағ + 3 сағ. х 3 ш.б./ еңбек-сағ). 3) Үстеме шығыстарды бөлудің жоспарлы мөлшерлемесін пайдалану Үстеме шығыстарды оның нақты шамасына карай бөлудің мөлшерлемесін есептеу бірнеше проблемалар туындатады: - Тапсырыстардың өзіндік құнын есептеу есепті кезең аяқталғанға дейін кейінге калдырылуы тиіс, өйткені үстеме шығыстар және өндіріс көлемі ерте есептслуі мүмкін емес. - Үстеме шығыстар да, өндірістік қызмст те ай сайын өзгеріп отырады, бұл үстеме шығыстарды бөлу мөлшерлемесінің біршама өзгерістеріне апарып соғады. (ӨҮШ) бөлудің жоспарлы мөлшерлемесін есептеу мынадай кадамдардан тұрады; 1. Үстеме шығыстардың болжамды шамаларын есептеу 2. Үстеме шығыстарды белу негізін таңдау 3. Алдағы кезеңге болжанатын үстеме шығыстар шамасын болжанатын негіздің сандық иәніне белу 4. Үстеме шығыстарды өнімнің әрбір түріне осы мөлшерлемені қолдана отырып жатқызу. Тәжірибе жүзінде жоспарлы мөлиіерлемсні есептеу үшін қолдапылатын болжамдық мәліметтер нақты мәліметтермен сәйкес келмейді. Бүндай жағдайда өнімнің өзіндік күнына жаткызылған үстеме шығыстар үстеме шығыстардың нақты сомасынан өзгерск болады, бүл толықтай бөлінбеген үстеме шығыстарға немесе артық бөліеген үстеме шығындарға апарып соғады. Толықтай бөлінбеген немесе артығымсн бөлінген үстеме шығыстарды шығыска шығаруды екі тәсілмен жүргізуге болады: 1. Түзету сомасын «Сатылғап онімнің өзіндік қүны» шотына жаткызады. 2. Түзету сомасын «Аякталмаған өндіріс», «Дайын өнім» және «Сатылған өнімнің өзіндік қүны» үш шотының сальдосына пропорционалды бөледі. Компания 3 ш.б./маш-сағ. тең болатын үстсмс шығыстарды бөлудің жоспарлы мөлшерлемесін пайдаланады (300 000 ш.б./ 100 000 маш-сағ). Нақты машина-сағ 100 000 қүрады. Компания бір жыл 64

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==