Аманова Г.Д. Басқару есебі
2. Нақты шығындар есебі және оларды нормативтік мәліметтермен салыстыру және олар бойынша ауытқуды анықтау; 3. Нақты шығындардың нормативтіктен ауытқу себебін, олардың пайда болу жері бойынша анықтап, талдау. Нормативтік әдіс бойынша ұйымдастыру жұмысын технологиялық және нормативтік карталар жасаудан бастайды, онда материалдардың шығынын, жалақыны және кіріс алумен байланысты басқа да шығындарды айқындайды. Прогрессивтік нормалар мен нормативтер - шығынға қарсы тетіктің ең маңызды элементі, өндіріс тиімділігін котерудің, жоспарлауды жетілдірудің бірден-бір шарты. Норма — бұл технологиялық процестің әртүрлі операцияларында нақты еңбек затының абсолютті шығысының және жүмысшы уақытының шығындарының шекті колжетімді шамасы. Нормативтер болса - шыгындар тұтыну көлеміне байланысты үлғаятын немесе азаятын салыстырмалы шама. * Техникалык-экономикалык нормалар мен нормативтерді әзірлеу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Нормативтік әдіс кезінде, шығын есебі ай басында қолданылып жүрген нормадан және сол нормадан ауытқушылықтардан бөлек жүргізіледі. Бүл олардың пайда болу сәттерін ескеріп, кінәлі түлғаларды анықтауға мүмкіндік береді. Өзіндік қүнды калькуляциялауды нормативтік шығындар бойынша пайдаланудың максаты - жоспарлау кезінде, бақылау, басқарушылық шешімдер кабылдау кезінде пайдалану үіпін шынайы нормативтік шығындарды анықтау болын табылады. Нақты шығындар болса, әдетте, нормативтік шығындардан өзгешс болады. Бұл айырмашылық ауытқу деп аталады. Нақты шығындардың нормадан ауытқуын өнім түрлері бойынша және шығын баптары бойынша есепке алады, ал олардың иесізденгсн есебінде ауытқу сомасын өнімнің жекелеген түрлсрінің өзіндік қүнына қосады. Әртүрлі себептсрден нормадан ауытқуды сигналдық құжаттармсн, себептері мен кінәлі гұлғаларды корсете отырып рәсімдейді. Нақты шығындарды ондірістің нормативтік шығындарымен салыстыру арқылы тиімді бақылауға кол жсткізуге болады. Шығындардың есебін жүргізудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің мәні мынада: өнімнің накты өзіндік құнын калькуляциялаудың негізінде, кәсіпорында қолданыстағы еңбек, материалдық және басқа да ресурстардың 135
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==