Аманова Г.Д. Басқару есебі
табельдік есепті жүргізу тәртібі қүрылыс ұйымы басшысының өкімімен бслгіленеді. Табельдік есепті жұмыс өндірушілер (мастер) немесе табельшілер жүргізеді. Басқарушылық персоналдың табельдік есебін кадр бөлімі жүзеге асырады. Кесімді еңбсақы кезінде жалақыны ссептеу үшін өндірім бойынша мәліметтер қажет. Өндірім дегеніміз - орындалған құрылыс-монтаждау жүмыстарының нсмесе қапдай да уақыт бөлігіндегі өнімнің саны. Қүрылыс жұмысшыларының өндірімін және жалақысының есебін жүргізу бойынша негізгі басгапқы қүжаттарға кесімді (аккордты) жұмыстарға нарядтар; үстемеақы парақтары және басқа да құжаттар жатады. Нарядтар кесімді жүмыстарға тапсырма рәсімдеуге, бригаданың (звсноның) не болмаса жеке жүмысшының жалакысын есептеу, өндірімін есепке алу үшін қолданылады. Жұмыс істейтіндердің еңбекақысын саралау кәсібі бойынша, біліктілігі, разрядтары және орындалатын жүмыстардың күрделілік деңгейі мен шарттары бойынша (оазряд жоғарылаған сайын жұмысшының біліктілігі сонша жоғары) жүргізіледі. Жұмысшылардың нақты тарифтік мөлшерлемелері және қызметшілердің лауазымдық айлықақыларын кәсіпорындар ұжымдық шарттарда белгілейді. Қүрылыста нарядтың екі түрі қолданылады: қарапайым наряд және аккордты наряд. Қарапайым нарядта орындалуы тиіс жұмыстар сипатталады, жүмысты өлшеу бірліктері, нормалар мен баға белгілеулер көрсетіледі. Аккордты нарядта жеке жұмыс түрінің толық кешені жәнс калькуляция негізінде сссптелген ірілетілген өлшегіштің белгіленген бағасы келтіріледі. Тапсырма нарядтар үжымдык мердігсрлік жағдайында қолданылады. Онда күрылыс объектісінің атауы, жұмыстың сметалық қүны, еңбек сыйымдылығы, еңбекақы және басқа мәліметтер көрсетіледі. Қалыпты жұмыс жағдайынан алшақтықтар болған жағдайда қолданыстағы белгіленген бағаға үстсмс ақы төленеді жәнс үстемеақы парағында рәсімделеді. Ол бригадаға немссс жұмысшыға үстемеақының әрбір түріне жазып береді және онда негізгі кұжатқа (нарядқа) сілтеме жасалады. Бос тұруларды есепке алу үшін арнайы қүжат - бос түрулардың есеп парағы арналған өндірісте анықталған түпкілікті ақауға Ақау туралы акт толтырылады. 118
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==