Аманова Г.Д. Басқару есебі
■ құрылыс-монтаждау ұйымы әзірлейді. Мәліметтерді құрылыс басталар алдында өндірістік бөлім толтырады, ал бірінші бөлімді (орындалған жұмыс көлемі туралы мәліметтері бар) және екінші бөлімді (материал шығыстары туралы мәліметтер кіргізілген) прораб толтырады. М-29 нысаны бойынша есеп, орындалған жұмыстар есебі журналынан алынған орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі туралы мәліметтер негізінде; бекітілген материалдар шығыстарыныц өндірістік номалары негізінде; материалдар ссебі бойынша бастапқы құжаттар негізінде (лимиттік- заборный карталар, тауарлық-көліктік жөнелтпе құжаттар, салықтык шот фактуралары, т.б.) заттай түрде жасалады. Бір ай ішіндегі материалдың әрбір түрінің нақты шығыны, бастапқы іпығыс құжаттарының негізінде жалпы объскті бойынша екінші бөлімде көрсетіледі. Материал шығыстарын М-19 нысаны бойынша есеп мәліметтерімен салыстырады. Өндірістік-техникалык бөлімде әрбір объект бойынша М-29 нысанының дубликаты болуы гиіс, оған ай сайын прорабтардың материалдық ееебінен (М-19 нысаны) пакты шығыс туралы мәліметтер аударылады. Материалдар өнімді шығаруға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсстуге, сондай-ақ басқа да максаттарға жұмсалады (жабдықтарды, орын-жайларды ұстау және оларды жөндеу, т.б.). Оларды босату бастапқы құжаттар мен материалдық жауапты тұлғалардың негізінде кслесі бухгалгсрлік жазбаларымен рәсімделеді: негізгі ондірісте Дебет 2930 «Аякталмаған құрылыс» Дебет 8111 «Материалдар», косалкы өндірістсрде Дебет 8311 «Материалдар» Дебет 8411 «Материалдар» - үстеме шығыстар Кредит 1311-1316, 1318 «Материалдар». 6.3 Өнімнің өзіндік қунын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісінде өндірістік персоналдың еңбекақысына кететін шыгындар есебі Кесімді енбекақы кезінде бригада мүшелері арасында жалакыны есептеу және бөлу. Жұмыс уақытын пайдаланудың оперативтік есебі арнайы табельде жүргізіледі. Қүрылыстық өндірісте бұл мақсат үшін Т-13 формасының табелі қолданылады. Табельдік есепті үйымдастыруға жауапты түлғаларды, жұмысқа келмеу, кешігу жәнс баска да ауытқулар туралы мәліметтерді беру мерзімдері көрсетілген 117
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==