Аманова Г.Д. Басқару есебі

Шығындардың есебін жүргізудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі тәжірибелік өнім үлгілерін шығаратын өндірісте, сондай-ақ қосалқы өндірістерде пайдаланылады - мысалы, арнайы аспаптарды шығару, жөндеу жүмыстарын жүргізу. Тапсырыстық әдісі қолданылатын гағы бір сала - ұсақ сериялы өнеркәсіптік кәсіпорындар. Серия дегеніміз - бұл өндіріске бір мезгілде және дәйекті түрде жіберілстін конструкциясы бойынша бірдей бұйымдар саны. ¥сақ сериялы өндіріс тұтынушыға аз ғана санмен қажет өнім шығару үшін үйымдастырылады. Сондықтан, ұсак сериялы кәсіпорындарға өтс үлкен және әртүрлі бүйым номенклатурасын жүктейді. Мысал ретіиде кеме жасау, әуе қүрылысын, сондай-ақ тапсырыс берілген тираж санына байланысты өнімді сериямен шығаратын полиграфия кәсіпорындарын атап өтуге болады. Тапсырыстық әдісті қолдану саласы өнеркәсіптік өндіріспен шектеліп қалмайды. Ол құрылыста да (жоба нақты жерге байлануды қажет етеді), ғылыми-зсрттеу институттарында, денсаулық сақтау мекемелерінде (әрбір сыркаттың, оның ауруының күрделілігінс және қойылған диагнозға байланысты операцияның өзіндік күны калькуляцияланады) табысты қолданылып келсді. Соңғы жылдар қызмет саласының дамуымен белгілі. Жиһаз, кілем шығару, жеке тапсырыс бойынша киім тігу, автомобиль, сағат, телевизор жөндеу және баска да қызметтср корсету - шеберханалық, химиялық тазалау, тігін шеберханасы да тапсырыстық калькуляциялауды қолданады. Бүл әдістегі шығындар есебін жүргізу объектісі мен калькуляциялау объектісі - жеке өндірістік тапсырыс болып табылады. Ал, тапсырыс деп, клиенттің арнайы жасалған немесе өзі үшін дайындалған бұйымның нақты бір санына берген өтінімі деп түсіну керек. Тапсырыстың түрі тапсырыс берушімен жасалған шарт аркылы белгіленеді. Онда тапсырыс беруші төлейтін күн, есептссу құжаты, өнімді (жүмысты, қызмстті) тапсыру, тапсырысты орындау мерзімі айтылады.тапсырысты орындау мерзімінс дсйін оған жататын барлық шығындар аяқталмаған өндіріс деп саналады. Негізгі есептік тізілімге тапсырыстың есеп карточкасы жатады. Бүл әдістің мәні мынада: барлық тура шығындар жеке өндірістік шығындар бойынша белгіленген калькуляция баптары бойынша есепке алынады. 109

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==