Аманова Г.Д. Басқару есебі
бағытын (тапсырыстың түрін) көрсететін шифр да коса беріледі. Екінші кезеңде үстеме шығындарды бөлу жүргізіледі. Бүл өте үлкен проблема болып табылады, өйткені оның шамасы ай сайын өзгеріп отырады, ал тапсырысты аяқтау уақыты есепті кезеңнің аякталу уақытымен сәйкес келмейді. Сөйтіп, шығындардың есебін жүргізудің және тапсырыс бойынша дайындалған өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісінің мәні мынада: тура шығындардың барлығы (негізгі материалдар шығыны мсн негізгі өндірістік жұмысшылардың жалакысы есептеулерімен) жекелеген өндірістік тапсырыстар бойынша калькуляцияның белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Басқа шығындар олардың пайда болу орны бойынша есепкс алынып, белгіленген белу мөлшерлемесіне сәйкес, жеке тапсырыстардың өзіндік кұнына кіреді. Ал, жанама шығыстар белгіленген болу ставкасы негізінде бөлінуі тиіс. Бір өнімнің немесе жұмыстың нақты өзіндік қүнын шығын сомасын дайындалған өнім санына немесе орындалған жүмыс көлеміне белу жолымен шығарады. Баспаханада, құрылыста, үшақ құрылысында, жиһаз фабрикаларында, жөндеу жұмыстарын орындауда пайдаланылатын тапсырыстык әдіс өндірістің жеке түрі бойынша дара типте орындалады. Дара типтің ең маңызды өзгеше ерскшеліктсріне мыналар жатады: дайындалатын өнімнің көптүрлілігі, оның көп бөлігі кайталанбайды және аз ғана санмен жеке тапсырыстар бойынша шығарылады; - жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру және накты бір операциялар мен бөлшектерді жүмыс орындарына тұрақты түрде бекіту мүмкіндігінің жоқтығы; - әмбебап (универсал) жабдықтар мен қүралдар пайдалану; - қол күшімен жасалатын жинау, соңына дейін жеткізу операцияларыныц өте үлкен меншікті салмағы; - жүмысшылардың арасында жоғары білікті жұмысшылардыц басым болуы. Өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын материалдарды, өндірістік персоналдың нсгізгі жалакысын жәнс жалпы өндірістік шығыстарды нақты өніммен (кызметтермен немесе жұмыспен) оңай тенестіретін ұйымдарда қолданылады. 108
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==