Самалдықов, М.К. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің құқықтық негіздері
334 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрскет етудің құқықтық негіздсрі отырғанын білген-білмегеніне, сондай-ақ пара алушыда (пара алушыларда) берілген пара нысанасын пайдаланудың пемесе оган иелік етудің шынайы мүмкіндігі болған-болмағанына қарамастан қылмыс аяқталды деп есепте- леді. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алған кезде параның көлемі барлық сыбайлас қатысушылар алған қүндылықтар мен көрсетіле- тін қызметтердің жалпы қүнымен айқындалады, ал заңсыз сатып алынған затты мемлекеттің кірісіне ондірген кезде әрбір пара алушы алған ақшалай соманы немесе мүліктік пайданың мөлшерін негізге алған жөн. Егер айдап салушылар екі жәнс одан да көп адамды пара алуға не бе- руге айдап салса, олардың әрекеттерін ҚК-нің 366-бабы үшінші болігінің 2) тармағы және 367-бабы үпіінші бөлігінің 1) тармағы бойынпіа адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қылмыс жасауға айдап салу деп саралау қажет, өйткені осы қылмыстардың объективтік жагы адамдар то- бының алдын ала сөз байласуымен пара беруі не алуы үшін жауантылықты коздейді. 13. Басқа адаммен алдын ала уагдаласпай пара алған, содан кейін пара берушінің мүддесі үшін соңғыға алған параның бір бөлігін берген адам пара алғаны жоне бергені үшін қылмыстар жиынтығы бойынша жауаптылыққа тартылады. 1 Іара алу субъектісі болып табылмайтын адаммен сөз байласып адамның пара алуға байланысты жасаған әрекеттері адамдар тобымен алдын ала сөз байласуымен пара алуы ретінде бағаланбайды. 14. Параны бірнешс рет алу, беру немесе парақорлыққа делдал болу, егер осы ретте қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі өтпесе, сол бір қылмыстың ксмінде екі рст және одан да көп жасалғанын білдіреді. Бірнсіпе адамнан пара алуды, егер эр пара берушінің мүддссі үшін жске әрекст жасалса, бірнеше рет пара алу деп саралаған жөн. Пара беруші үшін қалаған нәтиженің туындауын қамтамасыз ететін әрекеттер (әрекетсіздік) үшін пара бірнеше рет боліп беру не алу, тап солай өзара алдын ала сөз байласу бойынша қылмыс жасаган пара алу субъекгі- лерінің бір тобына пара беру не аталган мән-жайларда делдалдық ету бір- неше per жасалған қылмыс ретінде қарастырылмайды. Мүндай әрекетгерді жалғаспалы қылмыс деп есептеген жөн. Пара алу субъектісіне бірнеше пара берушіден пара беруге делдал болу немесе бірнеше пара алу субъектілерінің бір пара берушіден пара алуына делдал болуды, егер пара алушы пара берушілердің әрқайсысының мүддесі үшін жекелеген әрекетті орындаса (орындамаса) немесе пара алу субъекті- лерініңәрқайсысы пара берушінің мүддесі үшін белгілі бір әрекетті жасаса және делдал аталған мон-жайларды үғынса, бірнешс рет парақорлыққа жасалған делдал рстінде қарастырылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==