Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І Өндіріс ғимаратының жарық ортасы: параметрлері, жүйелері, нормалары. Жарықтандыру қоршаған ортамен өндірістегі маңызды фактор. Жұмыс жағдайы үшін негізінен үш түрлі жарықтандыру түрі бар. Олар табиғи, жасанды, аралас. Еңбек өнімділігі колайлы өндірістік жарықтандырумен байланысты. Жарыктандырудың оптималды деңгейі еңбек өнімділігін арттырып жүмысшылардың психофизиологиялық деңгейіне колайлы эсер етеді, жүмыс сапасы мен жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді, жарақат алумен өз - өзінің ынжырғасы түсушілікті төмендетеді, жоғары жүмыс қарқынының сақталуына мүмкіндік береді сондай - ак эр түрлі жарықшағылыстырушы жэне өте жарык әр түрлі заттармен обьектілер, көру мүшелеріне толык қанды қабылдануы үшін. Өндіріс ғимараттарындағы жарык ортасы - жақсы көру үшін жэне жарық энергиясының біркелкі таралуы үшін эр түрлі жағдайда алынған өндірістік жарықтандыру арқылы жүреді. Табиғи жарық көздері - бұл ғимарат ішін сырткы қоршаушы конструкцияның арнаулы жарық түсуші көздері арқылы күн сәулесінің жарығын тікелей немесе шағылыстыру арқылы алу. Жасанды жарықтандыру - ғимарат ішін арнаулы жарық бергіш қүралдар арқылы жарықтандыру. Аралас жарықтандыру - бүл, ғимарат ішіне толықтай табиғи жарық беру мүмкін болмағасын қосымша жасанды көздер арқылы жарықтандыруды айтады. Жоғарғы табиғи жарықтандыру - шамдардың көмегі аркылы, ғимараттың жоғарғы бөлігіндегі арнайы көздер аркылы биік жерлерде орналасқан табиғи жарықтандыру. Жанында орналасқан табиғи жарықтандыру - ғимараттың сырткы жанынан, арнаулы орындардан түсетін табиги жарык. Комбинирленген табиғи жарықтандыру - жоғарғы жэне жанынан берілетін жарық көздерінің бірге үйлесім табуы. Жалпы жарыктандыру - ғимарат ішінің жарық көздері біркелкі жоғарғы жақта орналасып, жарықтың түсуі де біркелкі болуы (жалпы біркелкі жарықтандыру) немесе арнайы кұрылғылардың маңының жаксы жарықтандырылуы (жалпы локальды жарықтандыру). ~ 91 ~
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==