Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І кезеңінде болуы үшін, адам денсаулығына үлкен мэн беріледі. Жүмыс жағдайын жаксарту немесе жүмысшылардың жағдайын жасау мен олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету - өндірістік жарақат алуды азайтады, кәсіптік аурулардың алдын алып, жұмысшылардың денсаулығын сақтайды жэне осыған қоса қиын жағдайда жұмыс жасаушыларға төленетін ақының көлемін азайтып, жеңілдіктер санын азайтады, бір сөзбен айтқанда шығын санын азайтады, бұл артылған ақшаларға жұмысшыларды сауықтыру орындарына жіберуге немесе кадрды кайта даярлауға мүмкіндік туады (уақытша немесе тұрақты еңбекке жарамсыздар саны азаяды). Жұмысшылар үшін олардың денсаулығы мен мол өнімді жүмыстары үшін басты жағдай - ауаның тазалығы мен қалыпты жұмыс орнындағы метерологиялык жағдай, еденнен жүмыс орны 2 метр жоғары болуы керек. Жайлы жағдай деп: 1. Жұмыс орнындағы ауаның температурасы; - Жылы мезгілде бөлме температурасы 18-22; - Салқын кезде бөлме температурасы 20-22 - Ашык алаңда жылы мезгілде 18-22; - Ашық алаңда, салкын мезгілде 7-10. 2. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, 40-54; 3. Ауаның қозгалыс жылдамдылығы , 0,2-ден төмен; 4. Токсинді заттар (ШРМ - мөлшерінің жоғарылығы) 0,8-ден төмен 5. Өндірістік шаң (ШРМ - мөлшерінің жоғарылығы) 0,8-ден төмен. Жұмыс орнындағы ауаның қүрамының жақсы болуы, оны таза калыпта ұстап түруға арналған ұйымдастыру шараларына тікелей қатысты: механизация жэне өндірістік процестерді аватоматтандыру, оларды қашыктықтан басқару, қүрылғыларға технологиялық процестерге баскару жүргізу, жұмыс орнына зиянды немесе қауіпті заттардың түсінуінен қорғау шаралары жэне олардың түсуіне кедергі келтіру жұмыстары жылулық сәулелену көздерінен қорғану, вентиляция қондырғылары, салқындату жүйелері, жылыту, ауаны ластаушы заттар мен өндірістік шаңнан тазарту , шағылысулардың алдын алу, ~ 85 ~
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==