Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І Келесі топ тез сіңірілетін заттар. Олар ағзада тез еритіндер немесе өзгерістерге көнгіш заттар. Оларға: аммиак, күкіртті газ, азот тотығы жэне басқалар. Қанның зиянды заттарды сіңіруі үлкен кан айналу шеңбері нәтижесінде альвеолалық ауаға келген кезде баяулайды. Осымен қанға сіңірілу тоқтайды. Зардап шеккен адамды зиянды атмосферадан шығарғаннан кейін газдармен булардың өкпе арқылы десорбциясы жэне жойылуы жүреді. Шаң-тозаңдармен улануда газ бен бу тэрізді заттармен уланудан кем түспейді. Уланудың деңгейі химиялық заттардың ерігіштігіне байланысты. Су мен майларда тез еритін заттар тыныс алудың жоғаргы бөліктерінде немесе мүрын куысында сіңіріле бастайды, мысалы нашакорлық әсері бар заттар. Өкпелік тыныс алудың ұлғаюымен қан айналымының жылдамдығына байланысты химиялык заттардың сіңірілуі тез жүреді. Сондыктан физикалық жұмыстарды жасаған кездерде ауаның жоғарғы температурасы кезінде, яғни тыныс алу көлемі мен қан айналу жылдамдығы артқанда, улану да соғұрлым тез жүреді. Асқазан мен ішек жолдары арқылы улану - лас қолдар арқылы, тағаммен су арқылы болады. 'Ағзаның мұндай улануының мысалы ретінде қоргасынды алуға болады: бүл жұмсақ металл, тез кетеді, қолды ластайды, сумен жуылуы баяу, тамақтану мен шылым шегу аркылы ағзаға оңай түседі. Өкпеге Караганда асқазан мен ішек жолдарында зиянды заттардың сіңірілуі баяу жүреді. Себебі: асқазан, ішек жолдары сыртқы ортамен аз байланысады жэне мұнда тек таңдамалы заттарды ғана сіңіреді, мәселен майда тез еритін заттарды жақсы сіңіреді. Бірак мүндай заттар асказан - ішек жолдарының өз қүрамымен араласып, колайсыз жаққа карай өзгеріске үшырауы мүмкін. Мэселен, жаңағы суда аз еритін қорғасын, асқазан сөлінде жақсы еріп, оңай сіңіріледі. Бүлінбеген тері қабаты арқылы (эпидермис, сүт жэне тері безері, түк капшықтары) липидтер мен майларда жақсы еритін зиянды заттар түседі. Мысалы көптеген дэрілік заттармен нафталинді топтар жэне т.б. Химиялық зиянды заттардың тері арқылы ағзаға түсуі оның ерігіштігіне, терімен жанасу дәрежесіне, ондағы қан айналым көлемі мен жылдамдығына байланысты. ~ 68 ~
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==