Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І Психологиялык-педагогикалык бағытта (Г. П. Аксёнов, В. К. Бальсевич, М. Я. Виленский, Р. Дитлс, И. О. Мартынюк, Л. С. Кобелянская және б.) СӨС сана көзқарасы, адам психологиясы, мотивация жағынан қарастырылады. Басқа да көзқарастар бар (мысалы, медикалық-биологиялық), бірак олардың араларында көп айырмашылық жоқ, себебі олар бір мәселенің шешілуіне - жеке адамның денсаулығын нығайтуға бағытталған. Маскүнемдік кезеңдері Маскүнемдіктің бастапқы кезеңнің көріністеріне жатады: ішімдік сусындарға тартымтылық (ішімдік сусындарға тартылу немесе алғашқы патологиялык тартымдылык); ішімдік сусындарға төзімділік деңгейін жоғарлату - ішімдік сусындарды көп мөлшерде пайдалануға мүмкіндік, ішімдік сусындар пайдаланған соң келесі күні есімін жоғалту көріністері; қорғаныш қүсу рефлекстің жойылуы. Маскүнемдік бастапқы кезеңінде ішімдік сусындарды пайдаланған кезінде сандық бакылаудың жойылуымен сипатталады, ол кезде адам ішімдік сусындарды қандай болса да мөлшерде пайдаланса да тоқтай алмады және қайтадан ішеді; маскүнемдіктін түрінін өзгерісі (ішімдік сусындардың бірнеше күн катар қабылдау). Екінші кезеңде маскүнемдік ішімдік сусындарға тартылымдыкпен сипатталады, бірақ ол аурудың бастапқы кезеңіне Караганда көп айқын болып келеді. Ішімдік сусындардың жоғары мөлшердің үтқырлығы жоғарлай береді. Ішімдік сусындарды пайдаланған соң сандық бакылаудың жойылудан басқа, жағдайды бақылау да жойылады, б.а. ішімдік сусындардың қабылдауы жарамсыз жагдайда да болуы мүмкін. Маскүнемдіктің екінші кезеңнің негізгі синдромы - бүл соматикалық, вегетативті, психикалық бұзылуымен (көңіл- күйінің төмендеуі, терлеу, жүрек соғуы, артериалды қысымның көтерілуі, тібеттің болмауы, лақсу, шөлдеу, қолдың дірілдеуі жэне т.б.) сипатталатын похмельді немесе абсистентті синдром. Екінші кезеңнің макүнемдігі мае болуының эртүрлі өзгерілген түрлерімен көрінеді: үзак ішімдікке салыну, түракты немесе өзгермелі ішімдік. Маскүнемдіктің екінші жэне үшінші кезеңінде маскүнемдік психоздар пайда болу мүмкін. Маскүнемдіктің соңғы, қорытынды кезеңінде ішімдік сусындарды үлкен мөлшерде қабылдауға мүмкіндік жойылады. ~ 187 -

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==