Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І қолданылатын дэрілік заттардың ең тиімдісі (тері мен тыныс алу мүшелерін қорғайтын заттарды қоса алғанда) гипертерминың ауыр салдарын болдырмайтын, қажетті еңбек қабілеттілігі деңгейін камтамасыз ететін, ұзақ мерзімді түрлері болып табылады. Аталмыш жағдайда калыпты гипертермиялық жэне жүректі ширықтандыратын антигипоксиялық дэрілік заттар пайдаланылады. Оларға бемитил, бромантан жэне олардың өзара қоспасы жатады. Отандық, ресейлік жэне шетелдік зерттеуші мамандар ағзаның суыққа төзімділігін камтамасыз ететін дэрілік заттарды - фригопротекторларды белсенді түрде іздестіруде. Қазіргі таңда суық өту жағдайын фармакологиялық түзетудің үш негізгі жолы белгілі. Біріншіден, ең кең таралған түрі - катехоламиндердің калоригенді әсері есебінен жылу шығаратын дененің күшеюі. Екіншіден, энергиямен камтамасыз ету жүйесін реттеумен байланыстырылса, үшіншіден, энергия шығынын төмендету жэне суықтың субъективті қабылдануын жасанды шектеу. Осы орайда эдетте бұлшық ет белсенділігі мен ағзаның сезімталдылығын бұғаттайтын препараттарды пайдаланалы. Суыктың өту деңгейін реттеудің бірінші тэсіліне глутамин қышқылы мен сиднокарб, екіншісіне - яктон (тонибрал қышқылының шайыртас түзы), ал үшінші түріне диазепамның натрий оксибутиратымен қоспасы жатады. Биологиялық эрекеті жүйелік жэне жасушалық метаболистік реакцияларға негізделетін актопротекторлар мен антигипоксант топтары да үлкен қызығушылық тудырады. Суықта орындалатын жұмыс кезінде адам ағзасына ең колайлы эсер ететін дэрілік зат яктон (400 мг) немесе бемитилмен (250 мг) қатар қабылданатын сиднокарб (10 мг) препараты болып табылады. Берілген препараттар ағза кабықшасының жылулық жағдайын калыпқа келтіріп, микроцеркуляциялык бұзылудың алдын алады, жүрек-қан тамыр жүйесінің физикалық күшке қатысты жағдайын қалпына келтіреді, аэробты процестерді ынталандырады. Бромантан (100 мг) дене «ядросының» терең қүрылымына ықпал ете отырып, бір уақытта оның фригопротекторлы әрекетін жасақтайды. Қазіргі таңда шудың адам ағзасына тигізетін теріс әсерінің алдын алу бойынша фармакологиялық заттарды іздестіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Зерттеу нэтижелеріне сүйенсек, - 173-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==