Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І бірден сэулеленуден кейін немесе мидың шайқалуынан кейін пайда болатын лоқсу белгілері кезінде кабылданады. Жүрек айну басылмаған жағдайда 3-4 сағаттан кейін этаперазиннің 1 таблеткасын қабылдау ұсынылады. 8 жасқа дейінгі балалар үшін ЖҚ-2 дэрілік заттардың 'А, ал 8- 15 жас аралығындағы балалар үшін /г бөлігін қабылдауға болады. Тек бактерияға қарсы дэрілік зат толық дозада қабыладанады. Жеке дэрілік қобдишада жайландыратын, үрейді басатын заттар сақталмайды. Алайда ТЖ тәжірибесі олардың аса қажеттілігін көрсетеді. Осы орайда түрғындарға үрейді басатын дәрілер орнына транквилизаторды (элениум, сибазон, феназепам) қабылдау ұсынылады. Жеке химияга царсы пакет (ЖХП-8, ЖХП-10, ЖХП-11) фосфорлы зиян заттар мен тері зақымдаушы улы заттардың әсерін ішінара кайтару үшін арнаған. ЖХП-8 құрамында газды жоятын сұйықтығы бар шыны сауыт, төрт дәкелі сулык жэне целлофаннан жасалған пленкаға оратылған нүсқаулық сақталады. Аталмыш пакеттің дезинфекциялық әсері жоқ. Зиян химиялық немесе улы заттар адам терісі, киімі немесе ЖҚҚ тбылған жағдайда келесі эрекеттерді орындау қажет: • пакетті ашып, ішіндегі дәкені сауыт сұйықтығымен барынша сулау; • дэкемен терінің ашық бөлігі мен газ тұтқыштың сыртқы жағын сүрту; • басқа дәкені сулып, киімнің шеткері бөліктері - жаға, жең бүкпесі, т.б. сүрту; • басқа дәкені алып, УЗ тиген жерді сүрту. Бет терісін өңдеу барысында сақтық шараларын мұкият сақтап, химиялык заттың көзге тиіп кетуінен сақтану қажет. Сұйықтық көзге түсіп кеткен жағдайда, көзді суық сумей немесе 0,25-0,5 % хлорамин ерітіндісімен сүрту керек. ЖХП-10 қорғаушы-газды жоятын сұйықтық метал баллонда орналасқан. Әдетте бүл сүйықтык УЗ эсері бар жерге кірместен бұрын қол, бет, мойын, буын терісіне жағылады. Пакеттің залалсыздандыратын әсері бар. ЖХП сүйыктығы улы немесе зиян заттар зақымдаған жерлерге дереу түрде жағылуы тиіс, егер химиялык қорғаушы зат 5 минутта жағылса, УЗ әсерін толықтай жоюға болады. ~ 171 ~
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==