Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І №5 ұяшык кұрамында №1 бактерияға қарсы заты (5 таб.) бар екі төртбұрышты түссіз қорапша орналасқан. Жедел спецификалық емес инфекциялық аурулардан профилактика ретінде хлортетрациклин колданылады. Препарат бактериалды аурулар кезінде, сондай-ақ аукымды жаралар мен күйік орындарының іріңдеуі барысында қолданылады. Бірінші рет 5 таблетка, 6 сағаттан кейін тағы 5 таблетка қабылдау ұсынылады. Сонымен қатар бисептол немесе септрин, казіргі антибиотиктерді қабылдауға болады (ампициллин, кефзол, цефобид, цифран). №6 ұяшықта төртжақты ақ қораптың ішінде радиациаға қарсы №2 калий йодиді қоспасы орналасқан (0,25 грамнан 10 таблетка). Ересектер мен 2 жастан жоғары балалар препаратты радиациялық қалдықтар түскеннен кейін күніне 0,125 г, яғни /і таблеткадан 7 күн бойына қабылдайды, дэріні кисель, су немесе шаймен ішуге болады. Жүкті әйелдер қалий йодиді препаратын калий перхлоратымен қатар бір уақытта кабылдау кажет. Калий йодиді болмаған жағдайда йодтың 5% түнбасын тамақтан кейін 14 жастан жоғары балаларға жэне ересектерге күніне бір мезгіл 44 тамшыдан, болмаса күніне екі рет 20-22 тамшыдан сүтпен ішіп қабылдауға болады. 5-14 жас аралығындағы балалар калий йодидін күніне бір мезгіл 22 тамшыдан немесе екі мезгіл 10 тамшыдан сүтпен немесе сумен ішіп қабылдайды. 5 жасқа дейінгі балалар үшін аталмыш препарат тыйым салынған, алайда йод ерітіндісі спиртін сәби терісіне жағуға болады: 10-20 тамшы йод тор түрінде аяқ немесе қол терісіне жағылады. Жалпы кез келген жарақатты йод тұнбасымен өңдеу аса тиімді деп саналады (өңделетін тері ауданы 2x5 см). Йод препаратын неғұрлым кеш пайдаланса, одан келетін көмектің тиімділігі соғұрлым төмендей бастайды. Мысалы, ағзаға радиоактивті йод түскеннен кейін радиоқорғаушы препарат 2-3 сағаттан соң қабылданса, оның әсері 25-30%, ал 5-6 сағаттан кейін 50% дейін азаяды. Одан да кеш кабылданған препараттың тиімділігі аса томен. Йод пепаратын уақытылы қабылдау қалқанша безіндегі йод изотоптарының жиналуын болдырмайды, сәйкесінше препарат бездің бүзылу процесінің алдын алады. №7 үяшықта қүрамында лоқсуға қарсы дэрілік заттар - латран, диметпрамид немесе этаперазин (5 таб.) бар дөңгелек көгілдір түсті қорапша орналасқан. Препараттың 1 таблеткасы ~ 170 -

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==