Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І Дэрілік заттарды катаң түрде бекітілген дозаларға сай кабылдау кажет, олай болмаған жағдайда дэрінің әсері төмен немесе тым жоғары болып, жанама әсерлерге әкелуі мүмкін. №1 қобдиша ұяшығында 2% промедол ерітіндісі орналастырылған. Промедол - ауруды басатын аса күшті дэрі. Сынық, үлкен жарақат, күйік кезіндегі қатты ауырсынудан пайда болатын есеңгіреу профилактикасы үшін қолданылады. Құты шприцты пайдалану: • қобдишадан қүты-шприцты алу; • бір колмен канюляның қабырғалы жиегін ұстап, екіншісімен қүты корпусын мембрананың саңылауы пайда болғанша сағат тілі бағытымен айналдыру; • қүты-шприцты канюлясынан үстап, ине сақтайтын қалпақты ашу; • канюляның қабырғалы жиегін үстап тұрып, бұлшык ет тініне (киім арқылы да болады) инені канюлясына дейін акырын енгізу; • қүты қүрамын түгел енгізу; • саусақтарды босатпастан инені алу. Қүты шприцты наукасқа енгізгеннен соң о ны көрінетін жерге, киімге бекітіп қою қажет. №2 үяшықта кызыл түсті дөңгелек корап бар, онда ФУЗ үшін қабылданатын профилактикалық антидот - тарен (6 таб.) орналасқан. Бір таблетка нұсқау бойынша қабылданады. Улану белгілері білінген жағдайда өздігінен тағы бір таблетканы кабылдау көзделеді. Алайда келесі дэрілік қабылдау 5-6 сағаттан кейін жүзеге асады. №3 ұяшыкта бактерияға карсы №2 дэрілік зат қамтылған ұзын дөңгелек түссіз қорап орналасқан. Қорапта 15 сульфадиметоксин таблеткасы бар (ұзақ мерзімді сульфаниламид препараты). Сәулелену, күйіктен кейін пайда болатын асқазан бүзылуы байқалған кезде пайдаланады. Алғашқы күні 7 таб., кейінгі күндері 4 таблеткадан кабылдау ұсынылады. №4 ұяшықта кұрамында №1 радиоқорғаныс заты - цистамин (6 таб.) бар екі сегізқырлы қызғылт қорапша орналасқан. Ластанған территорияға кірместен 30-60 минут бүрын 6 таблетка қабылдаған жөн. Қажет болтан жатдайда қабылдауды 4-5 сағаттан кейін қайталайды. ~ 169 -
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==