Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І Медициналық қорғаныс құралдары - бұл ТЖ зиян факторларының тұрғындар мен құтқарушыларға тигізетін әсерін жоюға арналған дэрі-дэрмек құралдары. Медициналыц жеке бас қорганыс ңұралдары (МЖҚҚ) ТЖ радиоактивті, химиялық жэне биологиялық зақымдаушы факторларынан зардап шеккен тұрғындар мен құтқарушыларта көмек көрсету жэне профилактикаға арналған. МЖҚК әмбебап түрі жоқ. Белгілі бір жағдайда закымдаушы фактор әсерін бэсеңдету үшін арнайы тәсілдерді іздестіру қажет. Бұндай құралдарды іздестіру жэне тэжірибе жүзінде пайдалану дәрі-дәрмектің фармакологиялық қасиетін зерттеуден басталады, сондай-ақ жағымсыз жанама әсердің жоқ болуы мен қорғаныс қасиеттерінің тиімділігі, жаппай колдану мүмкіндігіне ерекше назар аударылады. МЖҚҚ қойылатын негізгі талаптар: • зақымдаушы факторлар эсер етпес бүрын алдын ала пайдалану мүмкіндігі; • пайдалану әдіснамасының қарапайымдылығы жэне тиімді сақтау мүмкіндігі; . корғаныс қасиетінің тиімділігі; • жағымсыз әсерді жою кабілеті; • тиімді экономикалық сипаттамасы (аса қымбат емес, пайдалану мерзімі ұзақ, бірнеше рет қолдану мүмкіндігі, кайта өндіру мүмкіндігі). Мақсатына қарай МЖҚҚ бірнеше түрге жіктеледі: • радиациялық апат кезінде; . химиялық апаттар мен түрмыстық улану кезінде; • инфекциялық аурулардың зақымдаушы әсерін бэсеңдету жэне оның профилактикасы кезінде; • адам терісінен радиоактивті, химиялық және бактерияльщ заттардың жойылуын қамтамасыз ететін ең тиімді дәрі-дәрмектер. МЖҚҚ жатады: радиопроекторлар (радиоқорғаушы препараттар), антидот (УЗ эсерінен қорғаушылар), бактерияға қарсы дэрілер (антибиотик, сульфаниламид, вакцина, сыворотка) жэне арнайы өңдеу кұралдары. Медициналық радиациага царсы дәрмектер үш топқа бөлінеді: ~ 1 6 4 ~

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==