Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І Карантин аумағына қарасты аймакта обсервация режимі - медициналық бақылаудың күшейтілуі енгізіледі. Обсервация режимі енгізілген кезде аса қатаң карантин режимінің қажеттілігі болмайды. Обсервация жэне карантин аймағында келесідей медициналық іс-шаралар кешені жүзеге асырылады: жедел профилактика, екпе, науқастарды емдеу, ауру ошақтарын дезинфекциялау, санитарлы-ағарту жұмыстары. Адамдар мен жануарлардың ауру жұқтырмас үшін қорғаныс шараларын катан сактаған жөн. Ең әуелі инфекциялық ауру қоздырғыштарының тыныс алу мүшелері, тері мен шырышты қабыққа түсуін болдырмау қажет. Бактериялык аэрозольдермен ауру жүктырудан корғану үшін арнайы баспана, газтұтқыш, тозацға карсы мата немесе мақтадан жасалған таңғыштар, т.б. Бактериологиялық зақымдану байқалған жағдайда бірден бактерияға қарсы N1 дәрі-дәрмегін кабылдап, газтүтқышты кию қажет. Өз бетімен бактериологиялык зақымдану ошағынан шығуға, ондағы адамдармен тікелей байланысқа түсуге тыйым салынады. Оның үстіне жеке бас гигиенасын катаң сақтау керек. Жоғарыда келтірілген шараларды ұстанған жағдайда бактериологиялык қарудың закымдау эсері едәуір азаяды. Геофизикалъщ қару - әскери мақсатта Жер атмосферасы, гидросферасы мен литосферасында жүретін физикалық қасиеттер мен үрдістерді жасанды жолмен шақырту арқылы табиғаттың дүлей күштерін пайдалануды білдіретін, шетелде жиі қолданылатын үғым. Табиги үрдістердің қиратушы күштерін пайдалану мүмкіндігі табиғаттың энергиясының көптігімен түсіндіріледі. Олардың эсер ету белсенділігі эркелкі болып табылады. Мысалы: • сейсмикалық қауіпті аудандарда жасанды жер сілкіністерін үйымдастыру, цунами, кұйын, таулы опырулар, лавина, сел, т.б. қүбылыстарды болдыру; • қуаңшылық, нөсер, тұман, өзенде ағысының кептелісі, гидокұрылымдарды қирату, т.б. Кейбір елдерде ионосфераға ыкпал ету әрекеттері белсенді түрде зерттелуде. Ондағы мақсат - жасанды магнит өрістері мен поляр шүғыласын қалыптастырып, үлкен кеңістіктегі радио байланыс пен радиолокациялык бақылауларға нүқсан келтіру. ~ 150-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==