Тіршілік қауіпсіздік негіздері
• трансмиссиялыц - тістеу арқылы ауру қозыратын жасанды жұқтырылған қансорғыш жәндіктерді тарату; • диверсиялыц - жабық кеңістіктегі ауа мен судың диверсиялық жабдықтар көмегімен улануы; Адамдарды жаппай улау мақсатында әдетте оба, тулерямия, күйдіргі, тырысқақ, бөртпе сұзегі, сүзек, сары безгек ауруларының коздырғыштары пайдаланылады. Бактериологияшқ зақымдану ошагы ретінде адамдар мен жануарлар арасында инфекциялық аурулардың тарауы салдарынан бактериологиялық улануға ұшыраған қалалар, елдімекендер немесе өзге шаруашылық объектілері белгілі. Түрғындар арасындағы инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу үшін бактериологиялық закымдану ошағында негізінен эпидемияға карсы және санитарлы-гигиеналық шаралар жүргізіледі. Бүндай іс-шараларға: . жедел профилактика; . обсервациялық бакылау жэне карантин; • адамдарды санитарлы өңдеуден өткізу жэне жұқтырылған объектілерді дезинфекциялау. Қажет болған жағдайда, жәндіктерді жою мақсатында дезинсекция, ал кенелер мен кеміргіштер үшін - дератизация шарасы пайдаланылу мүмкін. Инфекциялык ауруларды болдырмаудың басты үрдісі вакциналау болып табылады, сонымен катар ағзаға түскен микробтарды өлтіретін антиобиотиктер жедел профилактикасы пайдаланылады. Тұрғындар арасында жаппай инфекциялык аурулардың тарауы немесе аса қауіпті аурулар белгілерінің байкалуы (қорасан, оба, тырыскак) қарантиннің енгізілуіне әкеледі. Карантин кезінде елдімекендер тұтас окшауланып, аймақ ішіндегі козғалысқа тыйым салынады. Сауда кәсіпорындары, оку орындары мен мәдени-ағарту мекемелері жұмыстарын уақытша тоқтатады. Шаруашылық объектілерінде ерекше жұмыс режимі орнатылады: кызметкерлер мен жүмысшылар бөлек цехтер мен бөлімдерге бөлектенеді. Карантин аймағында бактериологиялық барлау мен аумакты залалсыздандыру жүмыстары, науқастарды анықтау, оқшаулау жэне емдеу шаралары үйымдастырылады. Науқастармен байланыста болған адамдар да уақытша оқшаулануға тиіс. Т І Р Ш І Л І К К А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І ~ 149-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==