Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І сығылу облысы ілгері қозғалса, ыдырау облысы керісінше кері шегінеді. Жарылыс толқынының зақымдану әсері бірнеше минутқа созылады жэне келесі шарттармен байланысады: . толқын бағытына қарай максималды қысым; . ауаның катты кысымы; • эрекет жылдамдығы. Ашық алаңдағы адамдар үшін қауіпсіз кысымның мөлшері 0,1 кг/см2 (шамамен 9,8 кПа) кұрайды. Жарылыс толқыны нэтижесіндегі талқандалу ғимарат кабырғалары мен төбелері, қаңқасы мен өзге тасымалдау құрылыстарының қиратылуымен сипатталады. Бұл кезде кысымның артылуы байқалады: 40-80 кПа. Жоғары деңгейдегі зақымдану салдарынан тасымалдаушы кабырғалар мен төбелердің елеулі бөлігі қирайды, тек жертөлелер мен тіреуші құрылымның бір бөлігі сақталады. Бұл жағдайда шектен тыс қысым 20-50 кПа тең. Күрылыс объектісіне байланысты ғимараттардың елеусіз немесе орташа зақымдалуы 10-30 кПа шектен тыс кысым барысында жүзеге асады. Ауа толқынынан бөлінетін артық кысым 10 кПа шегіне жеткен кезде өрт аймағы қалыптасады. Жертаса, ор, баспана жэне төңірек бедерінің ерекшелігі жарылыс толқынынан адамдар мен техниканы корғау барысында маңызды рөл атқарады. Жаръщ сзулесі - кең диапазондағы сәуле энергиясының ағыны. Жарық сэулесінің негізгі көзі жарылыстың жарык шашатын облысы болып табылады. Отты шардың сәулелену уакыты секундпен өлшенеді, алайда бұл уакыт жаппай өрттің өршуіне, ашық алаң жэне адамдар мен жануарлардың қорғаусыз дене мүшелерінің зақымдануы үшін жеткілікті болмақ. Жанбайтын материалдан салынған барлық қүрылымдар мен төңірек қатпарлары жарык сәулесі эсерінен корғайтын бірден бір шаралар болып табылады. Өтімді радиация- 3 км кашықтықтағы қоршаған ортаға ядролық жарылыс ошағынан таралатын гамма-сәулелері мен нейтрондар. Биологиялық тін арқылы өтіп гамма-сәулелері мен нейтрондар ағыны тірі жасуша кұрамына кіретін молекулаларды - 1 4 2 -
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==