Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І ұмтылатын қыздырылған газдар өрісі жанасатын ауа кабаттарын сығады. Ауаның сығылған шегінде кысым өзгеріске ұшырап, жарылыс толқыны пайда болады. Жарылыс толқынымен қатар жарылыс аумағынан ядролық реакция барысында қалыптасатын қуатты нейтрондар ағыны мен гамма-сәулелену тарайды. Отты шар түріндегі жарқыраған жарылыс облысы 1-2 секунд ішінде максималды өлшеміне жетеді; эр түрлі температура айырмашылығынан болатын қуатты өспелі ауа ағындары тозаңды бағананы қалыптастыра отырып, жер бетінен шаң мен топырақ түйіршіктерін көтереді. Көтерілген шаң-тозаң ядролық бөліктердің радиоактивті жарыкшақтарымен араласа отырып радиоактивті бұлттан бірте-бірте сейіліп тұрғылыкты аймакты жүқтырады. Лезде эрекеттесетін гамма-сәулелену ауа атомдарын иондап, оларды электрондар мен оң зарядталған иондарға бөледі. Жарылыс барысында электрондар жоғары жылдамдықта орталықтан радиальды бағытта тараса, оң зарядталған иондар негізінен өз орнын сақтайды. Яғни оң жэне теріс зарядтардың бөлінісі жүзеге асып, сәйкесінше электромагнит өрісі қалыптасады. Бүл қысқа мерзімді өрістерді ядролық жарылыстың электромагнитті импульсі (ЭМИ) деп атайды. Сонымен, ядролық жарылыс кезінде зақымдану келесі жағдайларда мүмкін: . жарылыс тоцыны (жарылыс энергиясының шамамен 50-55% бөлінген кезде); . бірнеше секундтан (қару қуаты 20 кг дейін) 20 секунд (қару қуаты 1 Мт асады) арасында созылатын жарьщ сәулесі (жарылыс энергиясының 35%) . 15 секундқа созылатын өтімді радиация (шамамен жарылыс энергиясының 5%); • төңіректің радиоактивті зақымдануы (жарылыс энергиясының 5%) • уақыты миллисекундпен өлшенетін электромагнитті импульс. Жарылыс толқыны - ядролық жарылыстың ең қатты зақымдаушы факторы, жарылыс орнынан барлык жаққа қарай дыбыстан шапшаң жылдамдықпен тарайды. Бүл ауаның қатаң сығылған облысы мен ыдырау облыстарын қамтиды. Егер ~ 141 ~

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==