Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І объектілерінің Жермен қақтығысын болдырмау шаралары белсенді ұйымдастырылуда. Жермен жанасатын астероидтер мен кометалар қаупіне қарсы тұру шараларына ядролық зымыран технологиясын пайдалану жатады. Қауіпті ғарыштық объектілердің (ҚҒО) мөлшері мен оларды бақылау мақсатына жұмсалатын қаржы мөлшеріне негізделіп ғарыш қаупін анықтау уақыты бірнеше тэулік пен бірнеше жылдар арасында созылады. ҚҒО аныктау, траекториясын мен сипаттамасын нақтылау, сондай-ақ оған қарсы эрекет етудің уақытын ескеретін болсақ, Жер мен ҚҒО арасындағы аракашықтық кем дегенде 150 млн км құрау кажет. Ғалашарды астероидтер мен кометалардан қорғау жүйесі негізінен екі қағидаға сүйеніп жасалады: ҚҒО траекториясын өзгерту және оны бірнеше бөліктерге бөлу. Сондыктан Жер шарын ғарыш объектілерінен қорғау жүйесін жасау барысында ең алдымен астероидтер мен кометалар қозғалысын бақылайтын жэне олардың Жерге жақындау уақытын бірнеше жыл бұрын болжайтын қызмет түріне назар аударылады. Ғарышты қорғаудың екінші үдерісі ҚҒО траекториясы мен Жермен мүмкін болатын кақтығыс сипатын жасап шығарумен байланысты. Егер кақтығыс қаупі өте жоғары болса, аспан денесінің траекториясын немесе оның бағытын өзгерту қажеттілігі туындайды. Бұл мақсатта континентаралық баллистикалық зымырандарды пайдалану карастырылған. Ғарыш технологиясы қазіргі таңда аталмыш ұстап қалу жүйелерін жасауға икемді келеді. 2.5.3. Әскери кезеңдегі төтенше жағдайлар мен төтенше жағдай факторлары. Жаппай қырып-жою күралдары, олардың ерекшелігі, пайдалану салдары Әскери кезеңдегі төтенше жағдайлар жаппай қырып-жою, яғни жою қуаты өте қарқынды қүралдарын пайдаланумен байланыстырылады. Қазіргі таңда келесі ЖҚҚ-дың келесі түрі белгілі: • ядролыц; • химиялық; • бактерияіъщ. Одан өзге жаңа жаппай қырып жою құралдары шығарылуда: ~ 139 -
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==