Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Төменгі жэне жоғарғы өрттердің маңызды сипаттамасына олардың таралу жылдамдығы мен өртену тереңдігі жатады. Жылдамдық көрсеткішіне байланысты өрттердің тұрақты жэне тез түрлері ажыратылады. Баяу төменгі өрт жылдамдығы 1 м/мин аспайды, ал қарқынды төменгі өртену 3 м/мин артық жылдамдықпен таралады. Баяу жоғарғы өрт жылдамдығы кемінде 3 м/мин, орташа - 100 м/мин, қаркынды - 100 м/мин артық жылдамдығымен қозғалады. Жер асты өрттерінің де өзіне тэн көрсеткіштері белгілі: баяу өрттердің өртену тереңдігі 25 см аспайды, орташа өртенуде - 25-50 см, ал карқынды түрі - 50 см артық аумакты алады. Өртену қаркындылығы бірнеше маңызды шарттарға тәуелді келеді: жанармай материалдарының болуы, төңіректің беткейлігі, тэулік мерзімі, әсіресе жел күші. Сол себептен өрт барысында өрт жылдамдығы бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Тез төменгі өрттер кұрғақ шөп немесе кураған жапырақтардың жылдам түтануынан пайда болады. Әдетте бүндай өрттер көктемде шөпті ормандарда түтанады, жэне ересек ағаштарға қауіп төндірмейді. Дегенімен төменгі өрттер бірте- бірте жоғарғы өрттерге ауысуы мүмкін: өрт жиегі түтіндеп жоғары көтеріледі де ағаш төбелеріне зақым келтіруі ықтимал. Бүндай жағдайлар көбіне жаз мезгіліне тән. Алайда ең үлкен қауіп төндіретін өрт түрлеріне ағаштың жоғарғы бөлігін өртке орайтын жоғарғы өрттер жатады. Олардың пайда болу қаупі жаз мезгілі бойына сақталады. Жер асты өрттері төменгі жэне жоғарғы түрлері салдарынан түтанады. Жердің топырак жамылғысы өртенген тұста, онын шымтезек кабаты да бірге өртенеді. Сондықтан оларды шымтезек немесе жертезек өрттері деп атайды. Ірі орман өрттерінің жалғасу ұзақтығы орташа жағдайда 10- 15 тәулікті құрайды. Ал өрттен зардап шеккен жер ауданы 450- 500 га, периметрі 8-16 км тең болады. Ғарыш ТЖ Ғарыш - ғаламдық өмірге эсер ететін элементтердің бірі. Адам өміріне қауіп төндіретін басты ғарыш қүбылысы астероидтер болып табылады. Осы орайда көптеген мемлекеттер астероид апатын алдын алатын, ғарыш кеңістігін техникалық ластаудан қорғайтын болжау жүмыстары мен ғарыш Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І ~ 138 -

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==