Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І Цунами. Бұл табиғи кұбылыс көбіне Тынык мұхиты мен Атлант мұхиты жағалауына (80%) жэне сирек Жер орта теңізі аумағында бақыланады. Цунами жағалауды қысқа мерзім ішінде басады. Цунами барысында көршілес толқын төбелері арасындағы қашықтық 5-1500 м шамасында болады. Қалыптасу аумағындағы толқын биіктігі 0,1-5 м кұраса, жағалаудағы толқын биіктігі 10 м дейін, ал сына тэрізді айлақтар мен өзендер аумағында - 50 м артық болады. Құрлық аумагында цунами 3 км дейін жалғаса алады. Қуатты табиғи кұбылыс ретінде цунами адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Тарихта 1000 астам цунами белгілі болса, оның 100-і апатты салдарға соқты. Өкінішке орай цунамиден қорғанудың тиімді тәсілі орнатылмаған. Толқын баскылары, молдар, үйінділер, орман жолақтары мен айлақтар цунамиден жартылай ғана қорғайды. Ашық теңіздегі кемелер үшін цунами аса қауіпті емес. Түрғындарды цунами каупінен қорғау үшін алдын ала хабарландыру қызметінің орны ерекше маңызға ие. Табиги өрттер Табиғи өрттер қатарына орман ағаштарының өрті, далалы жэне егістік алқаптардағы өрттер, жертезек жэне жер асты кен орындары өрттері жатады. Ең көп адами өмірі мен материалды шығындарға себеп болатын түрі орман өрттері болып табылады. Ауа-райы қүрғақ эрі желді болған жағдайда орман өрттерінің таралу ауданы еселене түседі. Егер жауын-шашын 15-18 күн бойы жаумаса жэне үзақ мерзімде аптап ыстык сақталса, ормандағы кұрғақшылық салдарынан кез келген өрт көзі үлкен аумаққа таралатын зор қауіпке ие болады. Найзағай жарқылы мен шымтезек қиқымының өздігінен түтануы тек кіші деңгейдегі өрттерге экеліп соғуы мүмкін. Өрт жағдайының 90-97%-ы жүмыс немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамағандықтан, адам кінэсінен болып жатады. Орман өрттері тұтану сипаты, таралу жылдамдығы жэне өртке оранған аудан мөлшеріне карай бірнешеге жіктеледі. Түтану сипаты мен орман құрамына байланысты өрттер төменгі, жоғарғы жэне топырақтық деп үшке бөлінеді. Барлық өрттер дерлік алғашында төменгі сипатқа ие болады, ал белгілі бір шарттар әсерінен жоғарғы жэне топырақтық түрге ауысады. - 137 -
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==