Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С І З Д І К Н Е Г В Д Е Р І • судың төмен деңгейі - кеме қатынасы, елді мекендердің сумей қамтамасыз етілуі жэне халық шаруашылығы объектілерінің зардап шегуі; • елді мекендер мен түрлі ғимараттардың сел салдарынан қирауы; • қар көшкіні; • мұз жамылғысының ерте қалыптасуы және олардың кеме қатынасын бөгеуі. Аталған ТЖ тобына теңіз гидологиялық кұбылыстарын - цунами, теңіз бен мұхиттың қатты толкуы, мұз салмағы, айсбергты жаткызамыз. С у таскыны Жайылма, су тасқыны және топан су деген ұғымдар белгілі. Су таскыны - ең көп таралған табиғи қауіптің бірі. Өзендегі су тасқыны бассейндегі қар немесе мұздыктардың еруі салдарынан, сондай-ақ жауын-шашынның шамадан тыс түсуі нәтижесінде су мөлшерінің кенет көтерілуінен туындайды. Кей жағдайда су тасқыны мұз арнасының бітелуі немесе арнаның ішкі жағынан мұз тығырығының қалыптасуы салдарынан орын алады. Су тасқыны құбылысына желдің соғуы елеулі ықпал етеді: теңіз суларының желмен айдалуы жэне судың өзен сағасында кептелуі су деңгейінің еселенуіне экеледі. Бұндай тасқын үрмелі деп аталады. Теңіз жағалауы мен аралдарда су тасқыны жер сілкінісі, жанартау атқылауы, цунами барысында қалыптасатын толқын нәтижесінде пайда болады. Су таскыны қүрлық бетіне де қаіп төндіреді. Мамандардың айтуынша, су қабаты 1 м жэне ағын жылдамдығы 1 м/с тең болған жағдайда адамдар өміріне қауіп төнеді. Су 3 м биіктікке көтерілсе, бұл елді мекендердің топан су басуына себеп болады. Өзендегі су таскыны судың көтерілу деңгейі, су басу ауданы жэне зардап мөлшеріне байланысты төмен (кіші), биік (орташа), елеулі (үлкен) жэне апатты түрге бөлінеді. Су басу мерзімі эр өңірде әр түрлі. Төмен деңгейлі су тасқыны 5-10 жылдан сайын қайталанып тұрады, биік деңгейлі - 20-25 жыл, елеулі су тасқыны - 50-100 жыл, ал апатты су тасқыны өте сирек - 100-200 жылда бір рет қайталады. Су тасқынының үзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. ~ 136 -
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==