Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С В Д І К Н Е Г І З Д Е Р І болса, ғимарат құрылмаларын күшейтуге негізделетін арнайы ережелер мен нормалардың талаптарын басшылыққа алған жөн. Жер сілкінісі жағдайындағы эрекеттердің тиімділігі апаттан қорғану жұмыстары, тұрғындардың сауаттылығы мен хабарлау жүйесінің тиянақты ұйымдастырылуына негізделеді. Жанартаудыц атқылауы Жердің терең койнауында болатын белсенді үрдістердің нәтижесінде пайда болады. Жер кыртысы жэне оның бетінде магманың қозғалысымен байланысты кұбылыстар жиынтығы вулканизм деп аталады. Магма жер бетіне жеткенде лава түрінде атылады. Лаваның магмадан айырмашылығы атылу барысында барлық газдардың ұшып кетуімен сипатталады. Жанартау бұл - атқылау кезінде қалыптасатын өнімдерден құралған бөлек таулар жотасы. Магмалык ошақтар тереңдігі 50- 70 км мантияда немесе жер қыртысында орналасады. Жанартау өнімдері (газ тэрізді, сүйық, катты) 1-5 км биіктікке дейін көтеріледі жэне алыс қашықтыкка атылады. Жанартау күлінің концентрациясы көп болған жағдайда жерді қараңғылық басады. Төгілетін лаваның көлемі бірнеше ондаган текше километрге дейін жетеді. Жанартау атқылауы мен жер сілкінісі арасында өзара байланыс бар. Сейсмикалық дүмпулер атқылаудьщ басталуын білдіруі мүмкін. Ең қауіпті саналатын үрдістерге лава бұрқағы, ыстық лава ағыны, ыстық газдардың бөлінуі жатады. Жанартау аткылауы жылжыма, көшкін, опырылу, ал мұхитта цунамиге себепші болуы мүмкін. Жанартау атқылауынан сақтану шаралары жер қойнауын пайдалану сипатын өзгерту, лава ағынын бағыттаушы бөгеттердің құрылысы, лаваны сүйылту әрекеттеріне негізделеді. Жылжымалар бөктер түрақсыздыгының бұзылуынан пайда болады. Топырақ пен тау жыныстарының байланыс күші ауырлық күшінен кем болған жағдайда барлык массаның қозғалысы пайда болады. Жылжыма адами шығындарға себеп болмайды, дегенімен де халык шаруашылығына тигізетін теріс эсері елеулі: түрғын үй бұзылады, байланыс үзіледі, электр желісіне нұқсан келтіріледі, т.б. Жылжымалар бірнеше факторларға байланысты пайда болуы ықтимал: • топырақ ылғалдануы; ~ 131 ~
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==