Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Т І Р Ш І Л І К К А У І П С І З Д І К Н Е Г І З Д Е Р І Жер сілкінісінің ошағы - Жердің калың кабатындағы белгілі бір аумақта энергияның бөлінуі. Ошақ орталығы - гипоорталық немесе фокус деп аталатын шартты нүкте. Гипоорталықтың жер бетіндегі кескіні эпицентр деп аталады. Эпицентр ауданында ең көп жарылыстар болатын плейстосейст облысы бар. 1935 жылы Калифорния технологиялык институтының профессоры Ч.Рихтер жер сілкінісі энергиясын магнитүдамен бағалауды ұсынған болатын (лат. magnitudo - шама). Рихтер шкаласы - жер сілкінісі барысында пайда болатын сейсмикалық толқындар энергиясын бағалайтын магнитуданың сейсмикалык шкаласы. Рихтер шкаласы бойынша ең қуатты жер сілкіністері 9 балдан аспайды. Жер сілкіністері жер бетінде біркелкі таралмаған. Сейсмикалык және географиялық мәліметтердің сараптамасы болашақта жер сілкінісі күтілетін аймақтар мен олардың карқындылығын анықтауға мүмкіндік береді. Сейсмикалық аймақтандырудың негізгі мэні де осы. Сейсмикалық аймақтандыру картасы кез келген үйымның шаруашылык қызметін жобалау жэне жоспарлау барысында басшылық ететін ресми кұжат болып табылады. Жер сілкінісінен зардап шеккен аумақтарда арнайы сейсмикаға төзімді қүрылыстар жүргізіледі. Бұл жобалау жэне қүрылыс жүмыстарын жүргізу барысында ғимараттар мен қүрылымдарға эсер ететін сейсмикалык күштердің есепке алу дегенді білдіреді. Қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкіністері ғимараттар мен кұрылымдар үшін аса қауіпті деп есептеледі. Сондықтан бүндай сейсмикалык аудандарда құрылыс жұмыстарын жүргізу аса қолайсыз эрі тиімсіз. Жер сілкінісі кезінде ғимараттың бүтіндігін сақтауға бағытталған сейсмикалық іс-шаралар әдетте көп шығынды талап етеді, ал кей жағдайларда олардың іске асуы тіптен мүмкін емес. Егер қатты жер сілкіністерінің сиректігін ескерсек, аталмыш нормалар жиынтығы адам өміріне қауіп төндірмейтін элементтердің қиратылуын жүзеге асырады. Ошақ орталығынан алшақ орналасу - жер сілкінісі барысындағы қауіпсіздік мәселелерін шешудің ең тиімді тәсілі. Егер белгілі жағдайларға байланысты құрылысты сейсмикалық ауданда жүргізу қажет ~ 130 -
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==