Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

9. ЕУРОПА КЕҢЕСІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОНВЕНЦИЯЛАРЫ Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласывда Еуропа Кеңесінің тәжірибесі үлкен қызығушылық гудырады. Соның растығы ретінде 1996 жылы Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрекетінің Бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаның аясында сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-қүқықтық жауапкершілік туралы Конвенциялар қабылданды. Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Конвенциясы 1999 жылы 27 қаңтарда қол қойып, бекітуге әзірленді, ал Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік туралы Конвенция Страсбург қаласында 1999 жылы 4 қарашада қол қоюға ұсынылды. Екі конвенцияға Еуропа Кеңесінің қүрамына әзірше кірмейтін, шақырылған еуропалық мемлекетгер, сондай-ақ еуропалық емес мемлекеттер (АҚШ, Канада, Жапония және конвенцияларды дайындалу барысына қатысқан өзге де елдер) мүше бола алады. Эр конвенция 14 мемлекет мақүлдағаннан кейін күшіне енеді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы Конвенцияның преамбуласында құқықтық тәртіпке, демократияға, адам қүқыктарына, әлеуметтік әділеттілікке, экономикалық дамуына, моральдық ұстанымдарға төнетін қатер баса көрсетілген. Алайда жемқорлықтың ортақ үғымы Конвенцияда келтірілмеген. Дегенмен, «Ұлттық деңгейде қабылданатын қажет шаралар» атты II бөлімде жемқорлықпен байланысты қылмыстардың 13 түрі анықталды - ұлттық мемлекеттік лауазымды түлғаларды белсенді түрде параға жығу (2 бап), ұлттық мемлекеттік лауазымды түлғаларды белсенсіз түрде параға жығу (3 бап), үлттық мемлекеттік жиын мүшелерін параға жыту (4 бап), шетелдік мемлекеттік лауазымды түлғаларды және шетелдік мемлекеттік жиын мүпіелерін параға жығу (9 бап), халықаралык парламент жиналыс мүшелерін параға жығу (10 бап), халықаралық соттың лауазымды тұлғаларын және судьяларды параға жығу (11 бап). Мүндай қылмыстық әрекетгер ішінде — қызмет бабын пайдақорлықпен қолдану (12 бап-14 бап). Сонымен, Еуропа Кеңесі бірінші кезекте қол жетерлік географиялық шектер аясында тиімді қүкықтық өзара көмек корсету үшін қолайлы жағдайлар жасау -57-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==